- Басты
- Жаңалықтар
- 160-қа жуық ақмолалық оқушы облыстық пәндік олимпиаданың жүлдегері атанды
160-қа жуық ақмолалық оқушы облыстық пәндік олимпиаданың жүлдегері атанды
Онда 17 аудан, Көкшетау, Степногорск қалалары, дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған төрт мектептің 378 оқушысы қатысты. 31 жеңімпаз, 35 қатысушы ІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды, 95 – қатысушы ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды. Және 29 қатысушы грамотаға ие болды, деп хабарлайды Ақмола облысы білім басқармасының баспасөз қызметі.
Олимпиада жалпы білім беретін пәндер бойынша өткізіледі: қазақ тілі мен әдебиеті қазақ мектебінде, қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде, орыс тілі мен әдебиеті қазақ мектебінде, орыс тілі мен әдебиеті орыс мектебінде, Қазақстан тарихы, құқық негіздері, ағылшын тілі, неміс тілі, француз тілі, математика, информатика, физика, химия, биология, география.
Облыстық олимпиаданың жүлдегерлері а.ж. ақпан айында жаратылыстану-математикалық цикл пәндері бойынша Атырау қаласында, ал гуманитарлық пәндер бойынша Қостанай қаласында өтетін Республикалық олимпиадаға қатысады.
Оқу жылының барысында төрт кезеңді құрайтын олимпиаданы білім басқармасының тиісті органдары орта және жалпы орта білім беру бағдарламаларына сәйкес, әр пән және сынып бойынша өткізеді: бірінші кезең - білім беру ұйымдарында, екінші кезең – аудандық (қалалық), үшінші кезең – облыстық, төртінші кезең – республикалық. Олимпиаданың екінші, үшінші және төртінші кезеңдерінің тапсырмаларын республикалық әдістемелік кеңес жалпы орта білім беру бағдарламаларына сәйкес дайындайды және оны Республикалық ғылыми-практикалық "Дарын" орталығы бекітеді.
Олимпиаданың мақсаты шығармашылық қабілеттерін дамыту, теориялық білімін тереңдетіп және практикалық біліктілігін арттыру, тұлғаның өзіндік дамуына көмек көрсету, дарынды балаларды анықтауға жағдай жасау, халықаралық олимпиадаларға қатысу үшін оқушыларды іріктеу және дайындау, Қазақстандағы білім берудің беделін көтеру.
Оқушылар жұмыстарының құзыретті тексерілуін және тәуелсіз бағалануын қамтамасыз ету үшін әділ-қазы ретінде Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінен оқытушылар шақырылды: PhD докторлары, профессорлар, ғылым кандидаттары, ғылым магистрлері, үздік оқытушылар.
Олимпиада жүлдегерлерін салтанатты марапаттау рәсімі 7 қаңтарда "Көкшетау" мәдениет сарайында өтті.
-
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Елімізде кедейлік деңгейі 9 есеге жуық төмендеді -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
І жартыжылдықта әлеуметтік төлемдер бойынша 390 мыңға жуық қызмет көрсетілді -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды -
Сарапшылар пікірі: Оқушылар мен студенттерге қандай дағдыларды дамыту қажет -
Антикор: Жыл басынан бері жемқорлық бойынша 500-ге жуық адам сотталған -
Strategy2050.kz тілшісі «Заманауи білім» республикалық конкурсының жеңімпазы атанды -
2025 жылға дейін еңбек нарығына қосымша 1 млн-ға жуық жалдамалы жұмыскер қажет болмақ -
Миллионға жуық қазақстандық коронавирусқа қарсы вакцина салдырды -
Вакциналау кестесі сақталмаған өңірлер, төсек-орын жетіспеушілігі және оқушылар арасындағы КВИ