• Басты
  • Жаңалықтар
  • Мәжіліс депутаттарына Қостанай облысындағы құрылыстың жағдайы баяндалды

Мәжіліс депутаттарына Қостанай облысындағы құрылыстың жағдайы баяндалды

5 Қаңтар, 2018 15:57
Мәжіліс депуттаттары Қостанай облысында болып, «Агромаш Холдинг» АҚ, «СарыаркаАвтоПром» ЖШС еңбек ұжымдарымен кездесті, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.

Онда депутаттары И. Аронова, В. Олейник, А. Суслов, И. Клименко, С. Кусаинов, А. Рау өндірістік цехтарға барып, зауыт жұмысшыларымен пікір алмасты.

Сапар барысында депутаттарға JAC, Peugeot, Ravon электр машиналары мен Iveco негізіндегі мектеп автобустарының модельдері шығарылатын Қостанай автомобильдері таныстырылды.

Сондай-ақ, бүгін депутаттар «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының орындалу барысымен танысып, осы бағдарлама аясында пилоттық жоба ретінде іске асырылатын «Северный» ықшам ауданының құрылыс нысандарында болды.

Соңғы жылдары Қостанай ауданында тұрғын үй және инженерлік коммуникациялар салу бойынша белсенді жұмыстар жүргізіп келеді. «Нұрлы жер» бағдарламасының пилоттық жобасы аясында Заречное ауылының «Северный» ықшам ауданы үшін көп қабатты үйлерді салудың бас жоспары жасалған, онда жеке тұрғын үй құрылысы үшін 279 учаске орналасқан. Қазіргі таңда инвесторлар есебінен 1 шаршы метрге 115 мың теңгені құрайтын 68 жеке тұрғын үй салынады.
 

Барлық жаңалықтар