• Басты
  • Алматыда Медеуге дейін жаңа экологиялық автобустар жүре бастады
5 Қаңтар, 2018 18:13

Алматыда Медеуге дейін жаңа экологиялық автобустар жүре бастады

Алматыда көлік реформасын және қоғамдық көлік жүйесін тұрақтандыру аясында жылжымалы составты жаңалау және бағыттар желісін ұлғайту жұмыстары жүруде.
Алматыда  Медеуге дейін жаңа экологиялық автобустар жүре бастады | Strategy2050.kz

Алматы әкімі Бауыржан Байбек жұмыс сапары барысында №12 бағыты бойынша «Қазақстан» қонақ үйінен «Медеу» биік мұз айдынына дейін баратын жаңа автобустарды көрді, деп хабарлады Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Алматыда биылғы көлік реформасы аясында сыйымдылығы әртүрлі 388 автобус алынды, олардың 195–і бағыттар бойынша қызмет көрсетуде, тағы 200 жаңа автобус қалаға келді және олар кезеңдер бойынша жолға шығады. Өз кезегінде жеке тасымалдаушылар да 254 жаңа автобус алды,олардың 91–і қала жолдарында.

Жалпы қаланың автобус паркінің 30%-ға жаңаруы және бағыт желісінің ұлғаюы  жолаушылар легін 20,6% арттырды. Егер 2016 жылы 174,6 млн.  адам тасымалданса, 2017 жылы 220,1 млн. адам болды. Тасымалдаушы жоспарлы шығуды қамтамасые ете  алмаса, интервал мен жылжымалы составты жаңарту «Алматыэлектротрансқа» беріледі. Мысалы, №70  бағытта автобустар жаңарды, интервал қысқарды, соның арқасында жолаушылар легі 12 есе өсті,  яғни тәулігіне 395 адамнан 4,6 мың адамға дейін жетті. Жақында 18 метрлі автобус- гармошкалар №201  бағыты бойынша жүре бастады, ол күніне 11,6 мың адамды тасымалдауда, болжамдағы жолаушылар  легі – 25  мың адам.

№12 бағыты бойынша  жолға шыққан 12-метрлі төмен еденді  автобустар Евро-5  экологиялық сыныпқа сай,  сыйымдылығы 100  адамнан жоғары, кондиционерлермен, видеобақылау камераларымен,пандустармен және басқалармен толық жабдықталған. Аталған бағытты «Алматыэлектротранс» ЖШС ұйымдастырған, жай күндері автобустар арасындағы интервал алты  минутқа қысқарған, ал демалыс күндері екі минутқа азайған. Босаған автобустарды «Green Bus company»  ЖШС  №120 бағытты күшейту үшін пайдаланады,   кейін бұл бағыт айналмалы болады.

Еске салсақ, бұрындары Алматыда көлікті реформалау аясында №22, 70, 86, 65, 103, 50, 126, 112 бағыттары бойынша жаңа  автобустар жолға шығып, №77 бағыт қайта  ашылып, көліктер  №201 магистральды бағыты бойынша жүре бастаған еді. Көрші облыстан қалаға қосылған елді мекендерге толық көлік қызметін көрсету  масқатында сегіз бағыт ашылған болатын.

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды