- Басты
- Жаңалықтар
- 5 жылда халықтан 30 мыңнан астам қару сатып алынған - ІІМ
5 жылда халықтан 30 мыңнан астам қару сатып алынған - ІІМ
Жүргізілген іс-шаралар нәтижелері бойынша ішкі істер органдарына 2 166 азамат жүгінген, олар жалпы сомасы 147,9 млн. теңгеге ерікті түрде 2 944 бірлік атыс қару, 60 087 дана ойық қару патрондарын, сондай-ақ 1 дана жарғыш құрылғы және 14 кг жарылғыш зат тапсырылған.
Заңсыз сақтаудағы атыс қаруды, оқ-дәріні және жарылғыш заттарды ерікті түрде өтемді тапсыру бойынша Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Жамбыл, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Алматы, Қарағанды және Қостанай облыстары ең көп белсенділік танытты, деп хабарлады ҚР ІІМ.
ІІМ 2012 жылдан бастап халықтан қару-жарақ заттарын сатып алу бойынша іс-шаралар өткізіледі, бұл кезеңде жалпы сомасы 1 млрд. 36 млн. теңге азаматтармен ерікті түрде 30,4 мың бірлік атыс қаруы, 130 жарғыш құрылғы, 1 млн. данадан астам ойық ұңғылы қаруға патрондар тапсырылған.
«Қабылданып жатқан шаралардың тиімділігі туралы соңғы 5 жылда атыс қаруын қолдана отырып жасалған қылмыстардың саны 55%-ға азайғаны куәландырады. 2017 жылдың қорытындысы бойынша атыс қаруын қолдана отырып жасалған қылмыстардың саны 1,2%-ға азайған»,- делінген хабарламада.
Акция бойынша іс-шараларды жақын арадағы 2 жылда өткізіледі, бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 234,1 млн. теңге ақшалай қаражат бөлінген. Акцияның басталуы туралы азаматтар БАҚ арқылы ақпараттандырылатын болады.
Халықтағы заңсыз сақтаудағы атыс қаруды, оқ-дәріні және жарылғыш заттарды ерікті түрде өтемді тапсыру тәртібі Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ресми интернет ресурсында орналастырылған, деп хабарлайды ІІМ Баспасөз қызметі.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Бақытжан Мәуленбердиев: Құтқарушы ең алдымен ержүрек әрі батыр болу керек -
Елордада құтқарушылар күні атап өтілді -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі