• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР-да ИКАО стандарттарына сәйкес әуе қозғалысына қызмет көрсету органдарын сертификаттау ережелері қолданысқа енді

ҚР-да ИКАО стандарттарына сәйкес әуе қозғалысына қызмет көрсету органдарын сертификаттау ережелері қолданысқа енді

17 Қаңтар, 2014 10:52
Қазақстанда ұшу қауіпсіздігін қамсыздандыру мақсатында Әуе қозғалысына қызмет көрсету мен ұшуды қамтамасыз етуші радиотехникалық жабдықтарын пайдалануды жүзеге асыратын қызметтерді сертификаттау ережелері қолданысқа енді.

Бұл қызметтер әуе қозғалысын реттейді, ұшу қауіпсіздігін және тиімділігін қамсыздандыратын қажет ақпаратты береді. Енгізілудегі Ережелер өз кезегінде  қызметтерге сертификаттау қағидаларын белгілеп, сертификатты беру, уақытша тоқтату және қайтару тәртібін анықтайды.

Сертификаттау ережелері Азаматтық авиация халықаралық ұйымының (ИКАО) сарапшыларын іске тарту арқылы Азаматтық авиация комитетімен (ААК) әзірленгенін және ИКАО стандарттарының талаптарынан басқа Еуробақылау сияқты еуропалық халықаралық авиациялық ұйымдар жинақтаған озық тәжірибелерді қосқанын белгілеген жөн. 

«Сертификаттауды және оның қағидаларының бұзылмауын тұрақты бақылауды ААК Аэронавигация басқармасының арнайы оқудан өткен инспекторлары жүзеге асырады», - деп, хабарлады ҚР ККМ Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Бекен Сейдахметов.

2013 жылы Азаматтық авиация комитетінің барлық басқармалары бақылау-қадағалау функцияларын орындайтын 40 білікті мемлекеттік инспекторлармен жасақталғанын еске саламыз.

Бұл шаралар басқа шаралар қатарында ИКАО-ның 2009 жылғы аудит қорытындылары бойынша ескертулерді жоюға бағытталған.

 

 

 

Барлық жаңалықтар