• Басты
  • Жаңалықтар
  • Н.Нығматулин ақмолалық медицина қызметкерлерімен денсаулық сақтау саласындағы өзгерістерді талқылады

Н.Нығматулин ақмолалық медицина қызметкерлерімен денсаулық сақтау саласындағы өзгерістерді талқылады

5 Қаңтар, 2018 14:53
Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Ақмола облысы тұрғындарымен кездесті, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.

Мәжіліс Спикері «Авиценна» емдік-профилактикалық мекемесінде болып, ақ халаттылармен кездесті.

Дәрігерлер алдында еліміздің медицина саласындағы жетістіктер жайында және Елбасы жүктеген болашақ жоспарлар турасында баяндады.  Сондай-ақ, облыс тұрғындарын толғандырған сұрақтарға жауап берді.  

«Бүгін біз Ақмола облысында ауыл халқымен және әртүрлі  сала мамандарымен кездесіп, көптеген сұрақтарды талқыладық. Әсіресе, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев алдымызға қойған мақсаттар мен міндеттерге баса көңіл бөлінді. Көптеген ұсыныстар, көптеген пікірлер, соның ішінде проблемалар да айтылды. Олардың барлығы алдағы                                            заң шығару жұмысымызда ескерілетін болады,-деді  Көкшетауға сапары жайында Н. Нығматулин.

Палата Спткерінің пікірінше, Мәжіліс депутаттарының аймақтарға сапары, халық үшін де, депутаттар үшін де  өте маңызды.   Өйткені, бұл кездесулер ортақ мәселелерді тікелей талқылап, тығыз жұмыс жасауға мүмкіндік береді. 

Барлық жаңалықтар