- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда үкіметтік емес ұйымдарға тағайындалатын мемлекеттік гранттарға байқау жарияланды
Қазақстанда үкіметтік емес ұйымдарға тағайындалатын мемлекеттік гранттарға байқау жарияланды
«Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің қолдауымен азаматтық бастамаларды қолдау, азаматтық қоғам институттарының әлеуметтік даму саласының өзекті мәселелерін шешу үшін әлеуетін көтеру мақсатында үкіметтік емес ұйымдарға арналған мемлекеттік гранттарды тағайындауға байқау жариялады.
2018 жылғы үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттарды тағайындау жоспарына сәйкес гранттар 11 әлеуметтік маңызы бар бағыттар бойынша 87 тақырыпты құрайды. Атап айтқанда, білім, ғылым, ақпарат, дене шынықтыру және спорт, азаматтардың денсаулығын қорғау, салауатты өмір салтын насихаттау, жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау және гендерлік мәселелерді шешу, халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау, азаматтардың құқықтарын, заңды мүдделерін қорғау, тарихи-мәдени мұраларды қорғау жобалары бар.
ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Азаматтық қоғам істері Комитетінің мәліметіне сәйкес, аталған Жоспар Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының басымдықтары, Қазақстан Республикасының стратегиялық және бағдарламалық құжаттары, Президент Жолдаулары, сондай-ақ мемлекеттік органдардың және үкіметтік емес ұйымдардың ұсыныстары негізінде құрылады.
Мемлекеттік гранттар байқауына қатысуға өтініштер 2018 жылдың 2-ші ақпанына дейін қабылданады.
Естеріңізге сала кетейік, Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы коммерциялық емес ұйым болып табылады, ол Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы Қаулысына сәйкес үкіметтік емес ұйымдарды гранттық қаржыландыру саласындағы оператор болып табылады.
-
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
ӘМАТТ: Сауда үстемесін 15%-дан асырғандар қанша айыппұл төлейді -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды