- Басты
- Жаңалықтар
- Нұрлан Нығматулин: депутаттардың аймақтарға сапары өте маңызды
Нұрлан Нығматулин: депутаттардың аймақтарға сапары өте маңызды
Ең әуелі «Қазақстан Агро Инновациялық Корпорация» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде болған Мәжіліс Спикері көпсалалы ауыл шаруашылығы техникасын құрастыру жайымен танысты. Мұнда ауыл шаруашылығы және коммуналдық шаруашылыққа қажетті техника құрастырылады. Жалпы алаңы 6 гектардан астам жерді қамтыған кәсіпорын бүгінде инновациялық талапқа сай жемісті жұмыс атқарып келеді, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.
Сапар барысында Н. Нығматулин «Көкшетау минерал сулары» кәсіпорны жұмысшыларымен кездесті. Өз сөзінде Мәжіліс Төрағасы бабаларымыз сары жайлау атаған, сұлу Көкшетау еліміздегі тарихы бай қалалардың бірі екенін, Елбасының тұрақты қамқорлығының арқасында жыл сайын көркейіп, бүгінгі күні болашағы жарқын, мақсаты айқын, іргелі мекенге айналғанын атап өтті.
Мәселен, Ақмола облысы еліміздегі ірі астықты өлке ретінде Қазақстан бойынша бидайдың төрттен бір бөлігін өндіріп, әрбір отбасының, әрбір шаңырақтың дастарханын ас атасы – қасиетті нанмен толтырып отыр.
Бүгінде әлемнің 26 еліне астық экспорттап, Қазақстанымыздың экономикалық дамуына да үлкен үлес қосуда.
Бұл облыста былтыр ғана Елбасының қатысуымен жаңа индустриалды –технологиялық парк ашылды. Еліміздің индустрияландыру картасы бойынша көптеген жаңа жобалар қолға алынып, мыңдаған жаңа жұмыс орындарын ашуға жағдай жасалды.
Жалпы, бұл облыс өнеркәсіп, ауылшаруашылығы, инвестициялар тарту және тұрғын-үй құрлысы салаларында жоғары жетістіктерге жетіп, Қазақстанымыздағы аграрлық-индустриялық аймаққа айналып келеді.
«Кәсіпкерлік саласында да мыңдаған нысан ашылған. Соның ішінде, тәуелсіздіктің құрдасы саналатын «Көкшетау минерал сулары» зауыты 100-ге жуық сапалы әрі табиғи өнім шығарып, жыл сайын бәсекеге қабілеті артып келеді», - деді Н.Нығматулин.
Өз сөзінде Мәжіліс Спикері Қазақстанымыздың 26 жыл ішіндегі табыстарына тоқталып, болашақ жоспарлармен бөлісті. Сондай-ақ, Мәжілістің сессия басталғаннан бергі заң шығармашылық қызметіне қатысты ақпараттармен бөлісті.
Мәжіліс Төрағасының айтуынша Палата өз қызметінде Елбасының «Қазақстан - 2050» даму бағдарламасын, «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарын, «Нұрлы жер», «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламаларын заң тұрғысынан қамтамасыз етуге баса көңіл бөледі. Осы ретте Мәжіліс қарауында сессия басталғанда барлығы 80 заң жобасы болса, оның 42-сі мақұлданған. 12 заң жобасына депутаттар өздері бастамашы болды. Бүгінгі күні 33 Заңға Президенттің қолы қойылып, өз күшіне енді.
-
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
«Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде өтеді -
Қазақстан мен Ресейдің XVII өңіраралық ынтымақтастық форумында қандай мәселелер көтерілді -
«Ақын» фильмінің әлемдік тұсаукесері Токиода өтеді -
Аманжол Әлтай Жолдауда көтерілген мәселелерге қатысты пікірін білдірді -
Президенттік жастар кадр резерві: Үміткерлерді іріктеу қалай өтеді -
Тамыз айында өтетін ҰБТ-ға қатысуға өтініш қабылдау басталды -
30 жыл: «Қайырымды істер марафоны» жобасы аясында қандай іс шаралар өтеді -
Қандай білім беру ұйымдары мемлекеттік аттестаттаудан өтеді -
Тоқаев пpезиденттiгiне – 2 жыл: Қандай маңызды шешiмдеp қабылданды -
Түркістан облысында қандай мәдени, спорт және туристик нысандар бой көтереді -
ТЖМ: шомылу маусымы, Риддердегі өрт пен Алматыдағы жер сілкінісінің алдын алу -
Мектеп қауіпсіздігі – маңызды міндет -
Мәжіліс отырысы: әлеуметтік кәсіпкерлік, «Ashyq» қосымшасының кемшіліктері, қандастардың ҰБТ тапсыруы -
Көктемгі су тасқыны: алдын алу шаралары, су басқан аймақтарға көмек