- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанның магистральдық желісінде 200-ге жуық «Тұлпар-Тальго» вагондары жүйіткіп жүр
Қазақстанның магистральдық желісінде 200-ге жуық «Тұлпар-Тальго» вагондары жүйіткіп жүр
Индустриялық-инновациялық мемлекеттік бағдарламасы аясында салынған кәсіпорын «ҚТЖ» ҰК» АҚ паркін заманауи жолаушылар вагондарымен қамтамасыз етіп отыр.
Зауыт 2016 жылы кең шанақты вагондарды шығаруды бастады. Атап – өтерлігі «Тұлпар-Тальго» вагонының ені 3,2 метр болғандықтан купенің іші де кең, вагондарға өтуге де ыңғайлы, вагон-мейрамхана, вагон-кафе үлкейтілген. «Тұлпар-Тальго» ЖШС шығарған барлық вагондар қауіпсіздік стандарттарының сертификатына ие.
«Біз бұған дейінгі 2012-2015 жылдары біз 436 «Тұлпар-Тальго» жолаушылар вагондарын шығару жөніндегі келісім шартты толығымен орындадық. 2016 жылдан бастап, жаңа келісім бойынша 2023 жылға дейін «Тұлпар-Тальго» жүрдек жолаушылар вагондарының 603 данасын шығаруды жоспарлап отырмыз. Қазірдің өзінде олардың 178-і зауыттан шықты»,-дейді «Тұлпар-Тальго» ЖШС өндірістік директоры Владимир Киселев.
«Қазіргі заманауи технологияларды пайдалана отырып, «Тұлпар-Тальго» вагондарымен сағатына 200 шақырымға дейін жылдамдықпен жүруге болады. Бұл өз кезегінде пойыздардың жолда жүру мерзімін екі есеге дейін қысқарта алады. Ол арқылы ҚТЖ-да басталған жүрдек пойыз қозғалысы бағдарламасын табысты жүзеге асыруға қызмет етеді»,-деп атап өтті В. Киселев.
Қазірдің өзінде Қазақстанның барлық ірі қалаларына «Тұлпар-Тальго» вагондарынан жасақталған жылжымалы құрамы қатынайды.
«Тұлпар-Тальго» зауыты Қазақстанның теміржол көлігі машинасын жасау кәсіпорындарының ішіндегі көшбастаушыларының бірінен саналады. Мұнда қазір 200 инженер-технологтар, қызметкерлер жұмыспен қамтылған. Зауыт толық қуатында қызмет еткен кезде 360 жұмыс орны ашылады.
Еңбеккерлер мен мамандар «Patentes Talgo S.L.» компаниясы арасындағы келісім аясында испандық зауыттарда тәжірибесін шыңдайды.
«ҚТЖ» ҰК» АҚ мен «Patentes Talgo S.L.» испандық компаниясы арасындағы келісім аясында «Тұлпар-Тальго» ЖШС алдында «ҚТЖ» ҰК» АҚ жолаушылар вагоны паркін жаңғыртудың маңызды міндеті тұр.
Сонымен қатар испандық технологияны Қазақтанға кезең-кезеңімен өткізу үдерісі де, қазақстандық тараптың кадр дайындау мен техникалық қамтылуына мол ықпал етеді.
-
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
Елімізде кедейлік деңгейі 9 есеге жуық төмендеді -
Бақытжан Мәуленбердиев: Құтқарушы ең алдымен ержүрек әрі батыр болу керек -
А.Тұрмұхамбетова: Сапасыз жүргізілген сауалнамалар университеттердің беделіне нұқсан келтіреді -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
COVID-19: Әлемде халықты вакциналау қалай жүріп жатыр -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
Есірткі қылмысы мен нашақорлыққа қарсы күрес жұмыстары қалай жүргізілуде -
Роза Мұқанова: Президент әр жолдауында саяси жүйенің жаңа формуласын ұсынып жүр -
Мұқағали Мақатаевтың тағлымды мұрасы қаншалықты бағаланып жүр -
І жартыжылдықта әлеуметтік төлемдер бойынша 390 мыңға жуық қызмет көрсетілді -
Алматыда дәстүрлі форматта білім беруді ұйымдастыру қалай жүргізілуде