Жамбыл облысында ИИДМБ аясында 6 мыңға жуық тұрғын жұмыспен қамтылады

5 Қаңтар, 2018 11:26
Жамбыл облысында индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы аясында 36 инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатыр. Жалпы құны 500 миллиард теңгеден асады. Жоспар толық орындалса өңірде 6 мыңнан астам адам жаңа жұмыс орындарымен қамтамасыз етіледі.

Аймақта тек 2 жыл ішінде 23 жоба іске қосылған. Өткен жылы өңірде 10 инвестициялық жоба жүзеге асырылып, жұмысын бастады. Жаңа нысандарды іске қосу үшін 13 миллиард теңге жұмсалған. Нәтижесінде 700-ден астам жергілікті тұрғын еңбекпен қамтылды, деп хабарлады  24.kz.

«Оның ішінде 2015 жылы 4 жоба іске қосылды. 2016 жылы 9 жоба іске қосылды. 2017 жылы қосылған жобалардың ішінде ерекше атап өтетін жобалар+ гипс өндіретін серіктестігінің жобасы. Құны 3,9 млрд теңгені құрайтын. Сонымен қатар Мойынқұм ауданындағы гранит және мәрмәр шығарып өңдейтін зауыт құрылысы. Құны 1,7 млрд теңгені құрайтын.  Тағы бір өңірге қажетті кәсіпорынның бірі тауық жылы желтоқсан айында іске қосылды», - деді облыстық кәсіпкерлік және индустриялды-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Талғат Шалдарбеков.

Мал азығын шығарумен айналысатын зауыттың ашылуына мемлекеттік бағдарлама мүмкіндік берді.  Жоба құны 1 миллиард теңгеден асады. Мұнда мал азығының 15 түрі шығарылады. Тәулігіне 480 тонна өнім дайындауға қауқарлы.

 Ұсақталыр, араластырғышқа барады. Сол жерде араластырылып, дайын болады.  Отандық тауарға шетелдік шаруашалар қызығушылық танытынып отыр. 

Қазір өзбек, қырғыз, әзірбайжан елдерімен келісім шарт жасалған. Кәсіпорында 36 жаңа жұмыс орны ашылып отыр. Келер жылы жанынан құны 1 миллиард 200 миллион теңге болатын сұйық май шығаратын зауыт салу жоспарда бар.

«Біз қазірдің өзінде 100-ден астам келісім-шарт жасасып қойдық. Негізінен ірі қара малына қажетті жемге сұраныс жоғары. Жаңа жылдан бастап өнімділікті еселей түспекпіз», - деді зауыттың қаржы директоры Афина Коскиниди.

 Аймақта индустриалды-инновациялық даму бағдарламасының бірінші 5 жылдығында жалпы құны 159 миллиард теңгенің 43 жобасы жүзеге асырылған. Екінші бесжылдықта тағы 30-дан астам инвестжоба іске қосылмақ. Бұл бағыттағы жұмыс осы қарқыннан таймаса, Жамбыл облысы 2022-2025 жылға қарай индустриалды-аграрлық өңірге айналуы мүмкін.

 

Барлық жаңалықтар