- Басты
- Жаңалықтар
- Сенат депутаттары өңірдің АӨК өсіміне үлес қосқан павлодарлық фермерлердің еңбегін атап атап өтті
Сенат депутаттары өңірдің АӨК өсіміне үлес қосқан павлодарлық фермерлердің еңбегін атап атап өтті
Сенаторларға Ақсу ферросплав зауытында металлургтер жұмысының нәтижелері көрсетілді. «Қазхром» трансұлттық компаниясы» АҚ филиалы болып табылатын кәсіпорын ферросплав өндірісі бойынша дүниежүзінде алғашқы орынға ие болып отыр.
Зауытта 28 электр пешімен жабдықталған 4 балқыту цехы, шихта дайындау цехы мен көмекші бөлімшелер бар. Ақсуда жыл сайын 1,2 миллион тонна ферросплав өндіріледі. Депутаттар Евгеньев ауылдық округінде өткен жылы пайдалануға берілген бірқатар әлеуметтік нысандарда болды. Сенаторлар сумен жабдықтау желісімен танысып, құрылысына 160 миллион теңге жұмсалған дене шынықтыру-сауықтыру кешенін аралады.
Сапар барысында «Ақсу жылыжай кешенінде» болған кезде М. Көбенов пен Н. Нұрсипатов экологиялық таза көкөніс өнімдерін өсіру мәселелеріне назар аударды. Ақсу мен Евгеньев ауылында болған сапарды қорытындылай келіп, сенаторлар аймақтың әлеуметтік дамуындағы табыстар мен ауыл шаруашылығы саласын көтерудегі жергілікті кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтарының зор үлестерін атап өтті. Депутаттар жүздесу барысында отандық өнім өндірушілерді қолдауға қатысты айтылған ұсыныстар заң шығару жұмыстары барысында ескерілетінін айтты.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Елордада құтқарушылар күні атап өтілді -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
Сенатор: Журналистердің мәртебесін заңды түрде арттыру қажет -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
Карантин жағдайында Құрбан айт қалай атап өтіледі -
Сенат: Әзербайжанмен көшi-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiм ратификацияланды -
Сенат ЕАЭО туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялады -
Елордада «Адамзатқа қызмет ететін ғарыштық технологиялар» тақырыбында дөңгелек үстел өтті -
Рухани жаңғыру: Павлодар облысында фестиваль өтті -
«Айбынды ардагерлер» акциясы өтті -
Елордада «Жеңіс салтанаты» концерт-спектаклі өтті
-
Ахмет Жұбановтың 115 жылдығына арналған концерт онлайн өтті -
Елордада Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне арналған кездесу өтті