Мәскеу-Қызылорда бағытында жаңа әуе рейсі ашылады

4 Қаңтар, 2018 19:21
Мәскеу-Қызылорда бағытында жаңа әуе рейсі ашылады, деп хабарлады Қазақстанның Ресейдегі елшілігі.

«Аэрофлот» әуе компаниясы көктемгі-жазғы навигация маусымынан Мәскеу-Қызылорда бағытындағы жаңа әуе рейсін ашатын болады.

Ресейлік компания Boing-737-800 (Airbus қосымша) түріндегі әуе кемелерін аптасына төрт рет ұшыруды жоспарлап отыр. Қазіргі уақытта аталған бағыттағы әуе рейсін орындау бойынша келісу шаралары өтуде.

 

Барлық жаңалықтар