- Басты
- Жаңалықтар
- ОҚО-да орталықтандырылған ауыз сумен қамту 93,1 пайызды құрады
ОҚО-да орталықтандырылған ауыз сумен қамту 93,1 пайызды құрады
Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, өткен жылы облыс әкімінің тапсырмасымен өңір елді мекендерін 2017-2020 жылдар аралығында орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етудің кешенді іс-шара жоспары әзірленген болатын. Аталған іс-шараға сәйкес 2020 жылға дейін қосымша 84 ауылдық елді мекенді (198 429 халық) ауыз сумен қамту жоспарланған.
2017 жылы республикалық, облыстық бюджеттерден 5,4 млрд. теңге көлемінде қаржы бөлініп, 34 нысанның құрылысы жүргізілуде. Былтыр сол нысандардың 14-і ел игілігіне берілсе, қалғаны биылғы жылдың еншісіне тиіп отыр.
Бұдан бөлек, былтырғы жылы 89 елді мекенде жобалық сметалық құжаттамалар әзірленген. Сонымен қатар, өңірдегі су көздерінің басым бөлігі жер асты сулары болғандықтан, басқарма тарапынан жер асты су қорларына іздеу-барлау жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде. Атап айтқанда, 2017 жылы 34 елді мекенде су қоры анықталса, 2018-2019 жылдары қосымша 105 елді мекенде бұл жұмыстар аяқталатын болады. Сондай-ақ, облыстағы 158 елді мекендегі (495 мың адам) ауыз су құнын субсидиялау үшін 1,5 млрд.теңге бағытталған.
-
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
Еліміздің қай өңірлерінде сапалы ауыз суға қатысты проблема бар -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
ДСМ: Дәрігерлер жалақысы, дәрі-дәрмекпен қамту және елдімекендердегі медкөмек мәселесі -
Пандемия басталғалы өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамту 37% -ға төмендеді -
Жем-шөппен қамту және егін жинау науқанына дайындық мәселелері -
Алматы: Тауар айналымы, жөндеу жұмыстары және халықты жұмыспен қамту мәселелері -
Елорданың дамуы: Қолжетімді баспа мен мектеп құрылысы, тұрғын үй және газбен қамту мәселері -
Халықты әлеуметтік қолдау: Жұмысшылар құқығы, жұмыспен қамту және осал топтарды қолдау шаралары -
Маңғыстау облысының дамуы: Туризм, ауыл шаруашылығы, инвестиция және ауыз су мәселесі -
Жазғы демалыстағы балалар қауіпсіздігі: Шомылу, өрт қауіпсіздігі және жұмыспен қамту мәселелері -
БҚО: Ауыл шарушалығы, білім, әлеуметтік қолдау және жұмыспен қамту мәселелері мен өңірдегі эпидахуал -
Жұмыспен қамту: ШОБ, агроөнеркәсіптік кешен және өңірлердегі бизнес