- Басты
- Жаңалықтар
- Павлодар облысының екі ауылына орталықтандырылған ауыз суы тартылды
Павлодар облысының екі ауылына орталықтандырылған ауыз суы тартылды
1,2 мың тұрғыны бар Ямышево ауылына және 800-ге жуық тұрғыны бар Жамбыл ауылына су құбырлары өткен жылы тартыла бастаған. Ауыл тұрғындарын ауыз сумен қамтасыз ету мақсатында бюджеттен жалпы сомасы 800 миллион теңге қаражат бөлінді. Болат Бақауов 2018 жылдың алғашқы жұмыс күні екі ауылға да барып, мердігерлер жұмысының нәтижесімен танысып қайтты.
« Үй шаруасындағы мына мен үшін бұл үлкен жеңілдік.Бұдан былай су әкелу үшін даладағы су шүмекке бармайтын болдық. Үй отырып-ақ кірімізді жуып, тазалай аламыз. Кір жуғыш машинаға да орын дайындап қойдық», – дейді Ямышево ауылының тұрғыны Сандуғаш Исина.
Қазіргі уақытта Ямышево ауылында 331 үйдің 160-ы, Жамбыл ауылында 194 үйдің 140-ы орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесіне қосылған. Аймақ басшысы атап өткендей, енді қалған үйлерді қосу, сондай-ақ су тазарту құрылғысын күтіп ұстау мәселесін шешу керек.
«2017 жылы біз 360 шақырым су құбыры торабын салдық. Биылғы жылы 400 шақырым су құбыры торабын салуды жоспарлап отырмыз. Осы желілердің барлығын күту біздің мойнымызда.Бұл су құбырларының қызмет ету мерзімі 20-30, тіпті 50 жылға дейін барады. Алайда, олардың көзделген мерзім бойына жұмыс істеп тұруы үшін бұл шаруашылық нысанына қызмет көрсететін тиісті мамандар қажет. Ауылдардағы су тазарту қондырғыларын бақылайтын қызметкерлер су тазарту және оны беру технологияларын жете білуі тиіс. Біз осындай мамандарды даярлауымыз керек және мұндай кадрлардың кәсіптік техникалық білім беру мекемелерінде дайындау мәселесін қарастыруымыз керек»– деді облыс әкімі.
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
ДСМ: Соңғы екі аптада елдегі сырқаттану деңгейі 11%-ға төмендеді -
III Нобель фестивалі: Екінші күнінің қорытындылары -
Еліміздің қай өңірлерінде сапалы ауыз суға қатысты проблема бар -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
ДСМ: Соңғы екі аптада еліміздегі сырқаттану деңгейі 36%-ға төмендеді -
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері -
«Нұрлы жол» бағдарламасының жүзеге асуы -
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы -
ДСМ: Соңғы екі аптада сырқаттанушылық деңгейі 10% - ға төмендеді -
Ақтөбе облысының кешенді даму жоспары бекітілді -
COVID-19-ға қарсы екі екпені не үшін алу қажет -
Ақтөбе облысының дамуы: Өңірдегі эпиджағдай, инвестиция және ШОБ-ты қолдау шаралары