Астананың ЕАЭО елдерімен тауар айналымы 27,3%-ға өсті

4 Қаңтар, 2018 12:53
Астананың Еуразиялық экономикалық одақ елдерімен тауар айналымы 27,3%-ға өсті.

Қалалық статистика департаменті хабарлағандай, алдын ала деректер бойынша 2017 жылғы қаңтар - қазанда Астана қаласының Еуразиялық экономикалық одақ елдерімен өзара саудасы 1202,8 млн. АҚШ долларын құрады, бұл 2016 жылғы сәйкес кезеңнен 27,3%-ға көп, оның ішінде экспорт - 57,9 млн. АҚШ доллары (8,9%-ға аз), импорт - 1145,0 млн. АҚШ доллары (29,9 %-ға көп).

  2017 жылғы қаңтар - қазанда Ресей Федерациясында экспорт 45677,5 мың АҚШ долларын құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 17,6%-ға азайды, импорт 1077494 мың АҚШ долларын құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 27,9%-ға көбейді.

2017 жылғы қаңтар - қазанда Беларусь Республикасында импорт 60958,9 мың АҚШ долларын құрап, өткен жылғы қаңтар - қазанмен салыстырғанда 68%-ға көбейді, экспорт 269,6 мың АҚШ доллары сомасында қалыптасып, 52,4%-ға азайды.

Барлық жаңалықтар