- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан-Венгрия қоры Ақмола облысындағы ферманы 10,4 млн АҚШ долларына қаржыландырды
Қазақстан-Венгрия қоры Ақмола облысындағы ферманы 10,4 млн АҚШ долларына қаржыландырды
Қор «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингімен HungarianExport-ImportBank (Венгрияның Эксимбанкі) бірлесіп құрылғанын еске саламыз. Оның мақсатты міндеті Қазақстан аумағындағы ауылшаруашылық жобаларын қаржыландыру.
Инвестицияланған 10,4 млн. доллар жұмыс істеп тұрған қуаттылығы 1500 сиырға арналған ферманы толық жаңартуға және 1500 сиырға арналған жаңа сүт-тауарлы өндірісті салуға бағытталатын болады. Осылайша, өнімділігі жоғары ірі қара малды 580 бастан 3000 басқа дейін ұлғайту жоспарланады.
Жобаны инвестициялауға қазақстан және венгрия тарапынан қаражат тартылған, соның ішінде Венгрияның экспорттық-импорттық банкі 4,66 млн. АҚШ доллары көлеміндегі соманы инвестициялауға бағыттады, осындай соманы «ҚазАгро» холдингі қаржыландырды. Қосымша жобаны инвестициялауға Қордың басқарушы компаниясы ADM Capital 94, 2 мың АҚШ долларын бағыттады және қазақстандық инвестор жемшөп түріндегі 1 млн. АҚШ долларын салды.
Бұдан басқа, жобаны іске асыру кезінде қазақстандық инвестордың активтері және венгриялық жабдықтаушылардың биологиялық активтері пайдаланылатын болады.
«ҚазАгро» ұлттық холдингімен бұрын хабарланғандай, Тікелей инвестициялардың Қазақстан-Венгрия қоры Қазақстанда сүт-тауарлы ферманы жаңартуды қаржыландыруды жоспарлады. Тиісті меморандумға Астанада өткен жылдың желтоқсанында қол қойылды.
2017 жылы Қазақстан-Венгрия қорының Ақтөбе облысында FoodVentures (Голландия) және "Green Capital Kazakhstan" ЖШС (Қазақстан) бірлесіп алаңы 20 га қазіргі заманғы жылыжай кешенінің құрылысына 12 млн.АҚШ долларын инвестициялағанын айта кету қажет. Инвестиция сомасы қазақстан тарапынан 6 млн.АҚШ долларын және шетелдік инвесторлар тарапынан 6 млн.АҚШ долларын құрады.
«ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ өзінің құрылымына кіретін компаниялардың инвестициялық активтерін тиімді басқару арқылы, Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенін дамыту бойынша мемлекеттік саясатты іске асырады. Холдингтің құрамына«ҚазАгроҚаржы» АҚ, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ, «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ, «ҚазАгроӨнім» АҚ, «ҚазАгроКепіл» АҚ және «ҚазАгроМаркетинг» АҚ енеді.
-
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 8 млн-нан асты -
III Нобель фестивалі: Екінші күнінің қорытындылары -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
Халық санағы: Үй аралау кезіндегі ерекшеліктер, аралық қорытынды және қауіпсіздік шаралары -
АШМ: Астық өндіруші елдер, дәнді-дақылдар қоры және егін жинау жұмыстары -
COVID-19: АҚШ-та бір аптада млн-нан астам адам коронавирус жұқтырды, Болгарияда шектеу шаралары енгізілді -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығына орай АҚШ Мемлекеттік департаменті мәлімдеме жариялады -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
АҚШ-та балалар арасында коронавирус көбеюде, ал ДДСҰ COVID-19-ға қарсы 3 препаратты сынақтан өткізбекші -
Маңғыстау мен Қызылорда облыстарында құрғақшылыққа байланысты қолға алынған шаралар -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды