- Басты
- Жаңалықтар
- Қарағанды облысында 2018 жылы мектеп жанындағы барлық интернаттар жөндеуден өтеді
Қарағанды облысында 2018 жылы мектеп жанындағы барлық интернаттар жөндеуден өтеді
Аймағымызда қазіргі таңда 21 осындай мекеме жұмыс істейді. Жөндеуге қажет қаражат облыстық бюджеттен бөлінеді, ал материалды-техникалық базаны жақсарту жергілікті бюджеттен қарастырылатын болады.
«Облыстың 2 178 мектеп жасындағы балалары бар 113 елді мекенінде мектеп жоқ. Оған қоса, соңғы жылдары аз қамтылған мектептерді желі нормативтеріне сәйкес келмегендіктен жабу үрдісі көзделуде. Бұл жағдайда мектеп жанындағы интернаттар ерекше маңызға ие болады.Бүгінгі таңда облыста жобалық қуаттылығы 1 429 орынға шақталған 21 мектеп жанындағы интернат жұмыс істейді. Іс жүзінде оларда 935 бала тұрады (қуаттылықтың 65%).», - деді аппараттық жиналыс барысында облыстық Білім басқармасының жетекшісі Есенғазы Иманғалиев.
Мемлекет үшін балаларды аз қамтылған мектептерде оқытқаннан гөрі интернаттарда асырап білім беру тиімдірек. Білім анағұрлым сапалы болған жағдайда шығындар екі есе қысқарады.
Сараптамалардың нәтижесінде мектеп жанындағы интернаттардың жағдайына қатысты бірқатар проблемалар анықталған. Ғимараттар жөндеуді қажет етеді. Оған қоса компьютерлік паркті жаңартып, толықтыру қажет, бейне бақылау камераларын орнату керек, асханалар мен кір жуатын бөлмелердің жабдықтарын жақсарту қажет. Кейбір интернаттарда оқушыларды жеткізетін автобустар жоқ.
« 10 интернат оған бейімделген ғимараттарда орналастырылған. Соңғы 15 жылда күрделі жөндеу тек бір интернатта жасалған – Қарқаралы ауданының Егіндібұлақ ауылында. 14 интернатта 325 млн теңгеге ағымдағы жөндеу жұмыстары жасалған. 6 интернатта жөндеу жүргізілген жоқ», - деп мәлімдеді Есенғазы Иманғалиев.
Есеп бойынша, мектеп жанындағы интернаттардың материалды-техникалық базасын нығайтуға 89,9 млн теңге, ғимараттарды жөндеуге – 609,1 млн теңге, құрылысқа – 1,1 млрд теңге қажет.
« Мектеп жанындағы интернаттардың барлық мәселелерін жүйелі түрде шешу қажет. Біз 2018-ші жылға облыстық бюджеттен 4,5 млрд теңгені білім нысандарының жөндеуіне бөлеміз. Оның ішінде барлық мектеп жанындағы интернаттарды жөндеу қажет – бұл мәселені жабу керек. Ал жабдықтау, компьютерлеу, басқасының барлығын – аудан әкімдеріне жергілікті бюджеттен қамтамасыз етуді тапсырамын», - деп қорытындылады Ерлан Қошанов.
-
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
«Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде өтеді -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
«Ақын» фильмінің әлемдік тұсаукесері Токиода өтеді -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Президенттік жастар кадр резерві: Үміткерлерді іріктеу қалай өтеді -
Жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр -
Жамбыл облысы: Аурудың жоғары деңгейі облыстың барлық қаласы мен ауданында байқалуда