Мәжілісмендер «Тұлпар Тальго» ұжымымен кездесті

3 Қаңтар, 2018 17:22
Мәжіліс депутаттарының аймақтарда сайлаушылармен кездесуі басталды. Халық қалаулылары еңбек ұжымдарымен, қоғам өкілдерімен кездесіп, азаматтарды қабылдап, халықтың жай-күйін тыңдады, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ өндірістік және әлеуметтік-мәдени нысандарға барды. Сапар барысында Бүгін Парламент Мәжілісінің депутаттары М. Әшімбаев, Е. Бектұрғанов, Ж. Жарасов, Г. Қарағұсова, М. Чирков, Б. Мамыраев, Е. Бектұрғанов, Ж.Жарасов, Т. Яковлева Астана қаласындағы «Тұлпар-Тальго» зауытының жұмысымен танысты.

 «Жалпы, «Тұлпар-Тальго» зауыты бүгінгі таңда Қазақстанның темір жолын жаңа вагондармен қамтамасыз етіп отыр. Өндірісте біршама вагондардың шығарылып жатқанын көріп отырмыз. Өздеріңіз білетіндей, Қазақстан аумағы бойынша әлемде тоғызыншы орын алады. Біздің экономиканы дамытып, халықтың әлеуметтік жағдайын қамтамасыз етіп, қауіпсіздігімізді сақтау үшін көлік жүйесі мен коммуникацияны дамытуды өзімізге негізгі мақсат етіп қоюымыз керек. Бүгінгі күні елімізде нақты осы саясат жүзеге асырылып жатыр. Осы саясаттың негізінде Қазақстандағы жолдарды, темір жолдарды салу негізгі басымдықтардың бірі болып табылады» – деді Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің Төрағасы Мәулен Әшімбаев.

 Іс-шарада «Тұлпар-Тальго» зауыты директорының орынбасары Владимир Киселев зауыттың өндірістік қуаттары мен ерекшеліктері, испан вагондарын құрастыру кезінде енгізілген инновациялар туралы баяндап, Астанада шығарылған «Тұлпар-Тальго» вагоны Кедендік одақтың барлық елдерінде пайдалануға болатынын, сондай-ақ, Кеден одағының техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкес келетінін айтты.

Бұдан басқа, зауыттың жұмыс барысы, жалақы мөлшері және басқа да мәселелер қозғалды.

 

Барлық жаңалықтар