- Басты
- Жаңалықтар
- Ақтөбе облысында екі жаңа әлеуметтік нысан ашылды
Ақтөбе облысында екі жаңа әлеуметтік нысан ашылды
Родниковка тұрғындары үшін 320 оқушыға арналған жаңа мектептің ашылуы қуанышты оқиға болды. Жобаны жүзеге асыруға «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 700 млн. теңге бөлінген. Үш қабаттан тұратын ғимарат заманауи білім беру талаптарына толық сәйкес келеді: компьютерлік сыныптар, кітапхана, психолог пен логопед мамандарының кабинеттері, спорт және акт залдары, асхана, физика, биология, химия, информатика кабинеттері бар, төрт интерактивті тақтамен, мультимедиялық жабдықтармен, технология сабақтарына арналған тігін машинасы мен түрлі технологияларға арналған станоктары бар шеберханалармен жарақтанған.
Мектеп ауласында балаларды физикалық тұрғыдан дамытуға арналған жақсы спорттық база жасалған: футбол алаңы мен жүгіру жолдары бар стадион, волейбол, баскетбол алаңы, балаларға арналған ойын алаңы, демалыс аймағы қарастырылған.
Іргесі 1969 жылы қаланған ауыл мектебінің ескі ғимараты апаттық жағдайда деп танылып, балалар оның жарты бөлігінде оқуға мәжбүр болды.
Ашылу салтанатында сөз сөйлеген облыс әкімі Бердібек Сапарбаев айтқандай әрбір ел дамыған мемлекетке айналуы үшін ең алдымен, болашақ ұрпақтың дені сау, мықты болып, лайықты білім мен тәрбие алуын ойластыруы тиіс.
«Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басшылығымен Қазақстанда 26 жылда, әсіресе, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет пен спорт саласында көптеген игі жұмыстар жасалды. Біз барлығымыз бұған куәміз. Биылдың өзінде Ақтөбеде 32 мектеп салынып, оның 15-і тапсырылды, соның ішінде сіздің мектеп те бар»,-деп атап өтті өңір басшысы.
Бұл күні ауылда мемлекеттік - жекеменшік әріптестік аясында салынған жаңа дәрігерлік амбулатория да тұрғындарға қызмет көрсете бастады. Аумағы 400 шаршы метрді құрайтын амбулатория барлық стандарттарға сай жабдықталған. Мұнда күніне 50 адам медициналық көмек ала алады. Заманауи медициналық мекемеде дәрігерге дейінгі қабылдау, ем-шара, екпе, акушерлік, зарарсыздандыру, тіркеу, медмұрағат кабинеттері және дәріхана мен төрт орындық күндізгі стационар орналастырылған. Жоба құны 95 миллион теңге.
-
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
ДСМ: Соңғы екі аптада елдегі сырқаттану деңгейі 11%-ға төмендеді -
III Нобель фестивалі: Екінші күнінің қорытындылары -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды