ЕАЭО Кедендік кодексі өз күшіне енді

3 Қаңтар, 2018 18:57
Еуразиялық экономикалық одақтың 2017 жылғы 11 сәуірдегі Кедендік кодексі туралы келісімі 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап өз күшіне енді, деп хабарлады Еуразиялық экономикалық комиссияның баспасөз қызметі.

Осыған дейін Еуразиялық экономикалық одақтың  бес елі  ЕАЭО Кедендік кодексі туралы келісімді ратификациялап  ЕЭК-тің ішкі мемлекеттік үрдістеріне бағыттады.

Еуразиялық экономикалық одақтың  2017 жылғы  11 сәуірдегі  Кедендік кодексі туралы келісімі 2018 жылдың  1 қаңтарынан бастап өз күшіне енуіне байланысты  2009 жылдың  27 қарашасындағы Кедендік одақ туралы келісім жұмысын тоқтатады.

Барлық жаңалықтар