- Басты
- Жаңалықтар
- Қарағандыда отбасылық денсаулық орталығы ашылды
Қарағандыда отбасылық денсаулық орталығы ашылды
Жаңа отбасылық денсаулық орталығы - бұл №1 емхананың филиалы болып табылады.
Мұнда кең профильді дәрігерлердің қаралуына келіп, анализ тапсырып, рентген, УДЗ және ФГДС өтуге болады. Жуырда жылжымалы кесте бойынша мұнда салалық мамандар қабылдау жүргізеді. Сонымен қатар шағын емхана заманауи техникамен және дәрігерлерді қағазбастылықтан арылтып жұмыстарынң оңтайландыруға мүмкіндік беретін ақпараттық жүйемен қамтылған.
«Біздің орталықтың ашылуы емханадағы дәрігерлеріміздің жұмысын сәл жеңілдетіп, дәрігерлерге кіруге кезектерді қысқартуға мүмкіндік береді. Меніңше ол өте тамаша. Бізде науқастардың жайлылығы мен дәрігерлер жұмысының сапасын арттыруға барлық қажетті жағдай жасалған», - деді №1 емхана директоры Роза Разиева.
Қазірдің өзінде орталыққа 20 000 адам тіркелген.
«Бұл орталықты біз мемлекеттік - жекеменшік серіктестік принципі бойынша аштық. Біз әрдайым бизнесмендеріміздің жұмысына қолдау көрсетеміз: олар үшін жағдай жасап, түрлі мәселелерді шешеміз, ұзақмерзімді мемлекеттік тапсырыс береміз. Осылайша, бизнес сенімді серіктес ретінде мемлекетпен қызмет етеді. Бұл мемлекет үшін де, кәсіпкерлер үшін де тиімді. Бүгінгі таңда біз МЖС желісі бойынша 21 жобаны іске асырдық - бұл мемлекет бойынша үздік көрсеткіштер. осындай серіктестіктің арқасында біз көптеген әлеуметтік мәселелерді шештік. Егер осының барлығы бизнестің көменгінсіз шешілер болса, бірнеше жылға созылып кетер еді», - деді ол.
Инвестор орталықтың құрылысына 400 миллион теңге салғаны белгілі.
Жаңа шағын емханаға тіркелемін деушілер тіркеу орнына келіп өтініш жазуларына болады.
-
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Коронавирустан кейін денсаулықты қалай қалпына келтіру қажет -
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері -
Тимур Мұратов жолдау, қалалалық денсаулық сақтау саласы және кадр тапшылығын азайту шаралары туралы -
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды -
Салық заңнамасындағы жаңашылдықтар -
Тоқаев: Өңірлердегі денсаулық сақтау нысандарының жай-күйі көңіл көншітпейді -
«Зерде» холдингі»: Цифрлық трансформация орталығы, штат санының қысқаруы және холдинг кірістері -
Әлеуметтік қызметтер порталын қолдау бойынша байланыс орталығы іске қосылды -
Елордада Дина Нұрпейісованың ескерткіші ашылды -
Халықаралық стандарттарға сай учаскелік полиция пункті ашылды -
Алматының дамуы: Эпиджағдай, денсаулық, білім, тұрғын үй саласы және инвестиция