- Басты
- Жаңалықтар
- Варшавада Қазақстан мен Польша арасындағы 2017 жылғы ынтымақтастықтың қорытындылары белгіленді
Варшавада Қазақстан мен Польша арасындағы 2017 жылғы ынтымақтастықтың қорытындылары белгіленді
Қазақстанның Польшадағы елшілігі хабарлағандай, іс-шараға поляк әкімшілігі, сыртқы саяси ведомствосы, іскер топтар, сарапшылар қауымдастығы, поляк жұртшылығы, БАҚ және қазақ диаспорасының өкілдері, полония және студенттер қауымы қатысты.
Кездесудің ашылуында Қазақстанның Польшадағы Елшісі Марғұлан Баймұхан Қазақстан-Польша қатынастарын дамыту және нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін Польшаның еңбек сіңірген қайраткерлерін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен берілген мерейтойлық медалімен, сондай-ақ Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің медалдарымен марапаттады.
Кездесу барысында Қазақстанның инвестициялық тартымдылығы, елдің экономикасын дамытудың басым салалары, Қазақстан-Польша ынтымақтастығындағы қолайлы салық режимі және негізгі көрсеткіштері, сондай-ақ 2018 жылы Елімізде маңызды саяси және экономикалық оқиғалары, Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі төрағалығы және Астананың 20 жылдығын тойлау тақырыптары бойынша презентация ұсынылды.
«Дөңгелек үстелдің» қатысушылары 2016 және 2017 жылдары Қазақстан Президенті Н.Назарбаев пен Польша Президенті А.Дуданың кездесуі барысында қол жеткізілген уағдаластықтардың орындалуын оң бағалап, екі ел арасындағы қазіргі ынтымақтастық жайында пікір алмасты.
Польшаның іскер және ғылыми топтарының өкілдері экономикалық ынтымақтастық динамикасының қалыптастыру маңыздылығын және барлық салалардағы ынтымақтастықтың сындарлы сипатын атап өтті.
Кездесудің барлық қатысушылары Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан өзгерістер мен бастамаларға жоғары баға беріп, болашақта белсенді ынтымақтастықты жалғастыруға ниеттерін білдірді.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция