- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының комиссиясы бірқатар әскери бөлімдер мен құрамаларды тексерді
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының комиссиясы бірқатар әскери бөлімдер мен құрамаларды тексерді
Инспекция барысында комиссия мамандық бойынша дайындықтың сапасын, жеке құрамның штаттық қару-жарақ пен әскери техниканың материалдық бөлігін білуі, бақылау атыстарының жаттығуын орындауда және үлкен қашықтықтарда жаттығуларды орындауда әскери қызметшілердің машықтарын, жауынгерлік даярлықтың жоспарлаушы құжаттарының болуы мен пысықталуы сапасын тексерді.
Мамандық бойынша дайындықты жетілдіру шеңберінде әскери бөлімдерде әскери қызметшілер лауазымдық арналуы (механик-жүргізушілер, көздеуші операторлар, оқшашаршылар, гранатаатқыштар және т.б.) бойынша оқу топтарына бөлінді. Есептоптардың (экипаждардың) толық құрамдағы оқытылуы әскер тектеріне байланысты өткізілді. Арнайы дайындық бойынша сабақтарды өткізу үшін барлық бөлімшелерде тәжірибелі нұсқаушы сержанттар құрамынан сабақтардың жетекшілері тағайындалды.
Оқу-материалдық база, әскери техника және оқ-дәрілер бөлінді. Мамандық бойынша даярлық іс-шаралары барысында бөлімше командирлері ұрысты ұйымдастыру, атысты басқару, қарулы қалыпты ұрысқа келтіру, жауынгерлік даярлық бойынша сабақтардың өткізілу әдістемесіне оқытып-үйретіледі.
«Қарулы Күштердегі мамандық бойынша тексерудің жүргізілген талдауы бөлімше – взвод буынында офицерлер мен сержанттардың әдістемелік шеберлігінің жақсы деңгейін көрсетті. Жауынгерлік даярлық жөніндегі іс-шаралар нәтижелері бойынша жеке құрам әркез сайын атыс тапсырмаларын шешу әрекеттерінде өздерінің практикалық дағдыларын жетілдіруде. Бұл практикалық оқ атулар нәтижелерінің жақсаруына ықпал етеді», - деді комиссия мүшемі ҚР ҚК Бас штабы Жауынгерлік даярлық департаментінің аға офицері полковник Жанболат Тоқпанов.
Мамандық бойынша дайындық 2017 жылғы 11 желтоқсанда басталғанын және 2018 жылғы 5 қаңтарда аяқталатынын айта кету қажет. Көрсетілген дайындық ҚР Қарулы Күштерінің барлық түрлері, өңірлік қолбасшылықтар мен десанттық-шабуылдау әскерлерінің әскери қызметшілерімен әскери бөлімдер мен бөлімшелер командирлерінің жетекшілік етуімен өткізіледі.
Практикалық сипатқа ие және негізінен жаттығу, топтық жаттығулар мен практикалық жұмысты орындау әдісімен өтеді.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды