- Басты
- Жаңалықтар
- Жамбыл облысында «Хантау» цемент зауытының құрылысы қайта жанданды
Жамбыл облысында «Хантау» цемент зауытының құрылысы қайта жанданды
«Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Жамбыл облысына жасаған жұмыс сапары барысында жергілікті атқарушы орган басшыларына осындай міндеттеме жүктеген болатын. Елбасының тапсырмасын орындау барысында аталмыш зауыт қайта жаңғырды», - делінген акиматта.
«Хантау» цемент зауытының құрылысы – 2010 жылы қолға алынған еді. Жобаны жүзеге асыруға 8 млрд 250 млн теңге қаралған-ды. Бұдан бөлек зауытқа дейін теміржол тармақтарын салу үшін бизнестің жол картасы бағдарламасы бойынша тағы да 342 млн теңге бөлінген. Өндірісті іске қосу үшін облыс әкімдігі мұнда жаңа инвесторлар тартты. Аудандарға жұмыс сапары кезінде облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев та аталған нысанды аралап көрді. Инвесторлар мен құрылысшылармен жиын өткізіп, құрылыс барысын қатаң бақылауға алатындығын жеткізді. Қазіргі кезеңде барлық жұмыстар барынша жандандырылды.
Зауыттың өндірістік қуаттылығы – жылына 500 мың тонна цемент шығару деп жоспарланған. Өнімді «құрғақ» технологиямен шығару – электр энергиясын айтарлықтай үнемдеп, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Қазір негізгі өндірістік кешенді салу 85 пайызға аяқталды. Инфрақұрылым құрылысы қатар жүргізілуде.
Қазір құрылыс алаңында 300 ден астам адам жұмыс істеуде. Көпшілігі жергілікті тұрғындар. Солардың бірі – Роза Ысқақова.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының 2010-2014 жылдарға арналған құрылыс және құрылыс материалдары өндірісін дамыту бағдарламасына сәйкес, цемент өндірісі жылына 19,5 млн тоннаға жетті. Бағдарламаны жасаушылардың есебінше, ішкі қажеттілік 15 млн тоннаны құрамақ. Сондақытан Қазақстан алдында цементті импорттаушы елден экспорттаушыға айналу міндеті тұр. Ал Хантау жобасының мердігерлері нысанды сәуір айында пайдалануға береміз деп отыр.
-
Д.Абаев: Алтын Орда қалалары қайта қалпына келтіріліп, тарихи-материалдық кешен құрылады -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Жамбылдағы жарылыс: себеп пен салдар -
Жамбыл облысы: Аурудың жоғары деңгейі облыстың барлық қаласы мен ауданында байқалуда -
Жамбыл облысы тұрғындарының табысын көбейтуге бағытталған пилоттық жоба қалай іске асуда -
Эпидемиолог: Жамбыл облысында вакцина алғандардың саны күн сайын артуда -
Азаматтарға арналған үкімет: ЭЦҚ алуды жеңілдету, автокөлікті қайта тіркеу және цифрландыру -
Елорданың дамуы: Қолжетімді баспа мен мектеп құрылысы, тұрғын үй және газбен қамту мәселері -
Президент тапсырмалары Жамбыл облысында қалай орындалып жатыр -
Қызылорда облысының дамуы: Тұрғын үй құрылысы, азық-түлік қауіпсіздігі және білім саласы -
Түркістан облысында қандай мәдени, спорт және туристик нысандар бой көтереді -
Түркістан облысының дамуы: Инвестиция, зауыттардың құрылысы, туризм және жол мәселесі