- Басты
- Жаңалықтар
- ОҚО-да 2017 жылы 44 елді мекен көгілдір отынмен қамтылды
ОҚО-да 2017 жылы 44 елді мекен көгілдір отынмен қамтылды
Биылғы жылы газдандыру бойынша атқарылған жұмыстардың нәтижесінде жыл соңында 59 нысан ел игілігіне тапсырылған. Оның ішінде 70 мыңға жуық халық мекендейтін 44 елді мекен «көгілдір отынның» қызығын көре бастайды. Осылайша,табиғи газбен қамту көрсеткіші 2018 жылдың 1 қаңтарында 344 елді мекенге жетпек. Бұл дегеніміз облыстың 1 млн 825 307 тұрғыны газбен қамтылмақ. Осы жылы құрылысы жүрген қалған нысандар жеткізгіш газ құбырлары мен АГТС-тер болып отыр. Бұл көрсеткіш өткен 2016 жылмен салыстырғанда 17 пайызға өскен.
Айта кетейік, өңір басшысы Жансейіт Түймебаевтың тапсырмасымен облыстың елді мекендерін 2017-2021 жылдар аралығында газдандырудың кешенді іс-шара жоспары әзірленген болатын. Осыған сәйкес 2021 жылы облыста қосымша 383 елді мекенге табиғи газ жеткізу жоспарлануда.
«Газдандыру жұмыстарына қаралған жоғарыда аталған қаржыға бұдан бөлек, облыстың экономикасының барлық секторларын табиғи газбен 2050 жылдарға дейін қамтамасыз ету мақсатында 15 автоматтандырылған газ тарату станцияларының (АГТС) құрылыстары да кіріп отыр», - делінген хабарламада.
Оның төртеуі, яғни, Түркістан, Иқан, Сайрам, Бәйдібек аудан-қалаларында ел игілігіне берілген. Үш автоматтандырылған газ тарату станцияларының құрылысы жыл соңына дейін аяқталады деп күтілуде.
-
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
ДСМ: Дәрігерлер жалақысы, дәрі-дәрмекпен қамту және елдімекендердегі медкөмек мәселесі -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр -
15,7 мыңнан астам шетелдік азамат Қазақстанда еңбек етіп жүр -
Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметі мен Жас мамандар пулы жобасы -
Көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару: Қазақстанда 7 449 жаңа басқару нысаны құрылды -
Тарихи роман - жастарды елдік рухта тәрбиелеу құралы -
Абай жылының айшықты тұстары -
ТЖМ: Өрт қауіпсіздігі, елдімекендердегі өрт сөндіру бекеттері және алдын алу шаралары -
14 мыңнан астам шетелдік азамат Қазақстанда еңбек етіп жүр -
2021 жылы жол-көлік оқиғаларының көбеюіне не себеп болды