- Басты
- Жаңалықтар
- 2017 жылы eGov.kz арқылы 34 миллионнан астам қызмет көрсетілді
2017 жылы eGov.kz арқылы 34 миллионнан астам қызмет көрсетілді
Электрондық үкіметте 2017 жылы сұранысы жоғары болған қызметтер:«Отбасы» бөлімі бойынша:Мекенжай анықтамасы 22 431 707 рет берілді;Баланы балабақша кезегіне қоюға 92 945 өтініш берілді;Некені тіркеуге 79 396 өтініш берілді (ал некені бұзуға 4 291 өтініш берілген);Баланың туылуын тіркеуге 18484 өтініш берілді.
«Жылжымайтын мүлік» бөлімі бойынша: жылжымайтын мүлiктiң болмауы (болуы) туралы 5 212 126 анықтама берілді; жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтарды) және оның техникалық сипаттамалары туралы 5 528 972 анықтама берілді.
« «Бизнес» бөлімі бойынша:Заңды тұлғаларды және олардың филиалдары мен өкілдіктерін тіркелуі туралы анықтама алуға 761 673өтініш,Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуге алуға 33421 өтініш, Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуден, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеуден шығаруға 281 өтініш жасалды», - деп хабарлады «ҰАТ» АҚ.
Сонымен қатар, отандастарымыз eGov.kz порталында онлайн түрде салықтар мен айыппұлдар және т.б. онлайн төлем жасаудың жеңілдігін бағалайтын болып шықты. 2017 жылы электрондық үкіметтің төлем шлюзі арқылы 17 млрд.теңгеден астам сомаға төлемдер жасалған.
Соңғы 3 жылда азаматтар жасаған транзакциялар да екі есеге артып, 2014 жылы 639715 транзакция, ал 2017 жылы 1 907 932 транзакция жасалды. Ал төлемдердің жалпы сомасы сервис іске қосылған сәттен бері 46 млрд.-тан асты.
Электрондық-цифрлық қолтаңбаның берілуі де жыл сайын артып келеді. Осылайша, 2017 жылы елімізде ЭЦҚ 6 488 045 рет берілді, ал 1,5 млн.астам адам цифрлық қолтаңбаны жеке куәліктеріне тіркеген.
Биылғы жылдың аяғында электрондық үкіметке тіркелген 7 миллионыншы пайдаланушы анықталды. Ал тек 2017 жылы 1 млн. астам пайдаланушылар тіркелді, оның ішінде 1 023 652 жеке тұлға, 45 912 заңды тұлға.
2017 жылы eGov.kz арқылы азаматтарға 34 млн. астам қызмет көрсетілді, ал 1414 Бірыңғай байланыс орталығында 4,3 млн. астам өтініш өңделді.
Еске сала кетейік, eGov.kz порталында азаматтар үшін 237 қызмет пен сервис қолжетімді, eLicense.kzпорталында қолжетімді қызмет саны – 215.
-
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Кәсіпкерлік қызметті реттеу: Бизнеске жүктеме азайтылып, әкімшілік шығындар қысқартылады -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
17 миллионнан аса адам санақ сауалдарына жауап берді -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Еңбек нарығында қай сала қызметкерлеріне сұраныс бар -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді