- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан 2018 жылды БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне төрағалық етумен бастайды - Н.Назарбаев
Қазақстан 2018 жылды БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне төрағалық етумен бастайды - Н.Назарбаев
Құрметті отандастар!
Санаулы сәттерден соң біз күнтізбенің жаңа парағын ашып, 2018 жылды қарсы аламыз.
Жаңа жыл – барша жұрт ізгі тілекпен, үкілі үмітпен, ақ ниетпен асыға күтетін айрықша мереке.
2017 жыл Тәуелсіздік жылнамасында ерекше із қалдырған оқиғаларға толы болды.
Ата заңымызға өзгеріс енгізіп, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру үшін маңызды қадам жасадық.
Бабалар дәстүрінен нәр алып, болашақтың бағдарын айқындайтын Рухани жаңғыру жолын бастадық.
Өткен жыл қазақ тілінің жаңа әліпбиі қабылданған тарихи шешім арқылы есте қалады.
Біз саясатта, экономикада, спорт саласында маңызы зор халықаралық шараларға бастамашы болдық.
Татулық пен тұрақтылықтың мекені – Қазақстан ел мен елдің арасын жақындатты.
Әлемнің әр түкпірінен келген спорт саңлақтары Қысқы Универсиада төрінде бас қосты.
Астананың және бүкіл еліміздің ажарын ашқан «ЭКСПО» көрмесі беделімізді биіктетіп, абыройымызды асқақтатты.
Барша мұсылман елдерінің басшылары қатысқан жиын өтті.
Биыл біз он сегіз миллион халқы бар еңселі елге, мерейлі мемлекетке айналдық.
Өтіп бара жатқан жылды баршамыз үшін құтты жыл болды деп сеніммен айтуға болады.
Жарқын жетістіктеріміз бен жасампаз жеңістеріміз – бекем бірлігіміздің арқасы.
Бұл белестерді өздеріңізбен бірге алдық, толайым табыстарға сіздермен бірге жеттік.
Қадірлі қазақстандықтар!
Босағамыздан аттағалы тұрған 2018 жыл да берекелі болады деп ойлаймын.
Қазақстан келер жылды Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік кеңесіне төрағалық етумен бастайды.
Бұл – қазіргідей күрделі кезеңде елімізге артылған үлкен сенім және зор жауапкершілік.
Алдағы жылы ерке Есілдің жағасындағы ажарлы Астананың 20 жылдығын атап өтеміз.
Елордасы еңселі, қуатты Қазақстанның мақсаты – биік, бағдары – айқын, келешегі – кемел.
Келер жыл ел қазынасын еселеп, халықтың әл-ауқатын арттыратын жемісті жыл болсын!
Алдағы жылда еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын, ел ішінде ынтымақ пен молшылық арта берсін! Баршамыз сол үшін қызмет етейік!
Әрбір шаңыраққа бақыт, береке, бірлік тілеймін!
Жаңа жыл құтты болсын!
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру