- Басты
- Жаңалықтар
- 2018 жылдың 1 тоқсанына тегін дәрі-дәрмектер сатып алынды
2018 жылдың 1 тоқсанына тегін дәрі-дәрмектер сатып алынды
Бір көзден 90 күндік қажеттілікті қамтамасыз ету үшін 13,3 млрд. теңге болатын 328 дәрі-дәрмектер мен медициналық мақсаттағы бұйымдар сатып алынды. Олар 2018 жылдың бірінші тоқсанында елдің медициналық мекемелеріне жеткізіледі.
«Құжаттардың толық пакетін ұсынып, препараттарға ең төменгі баға ұсынатын 24 компания 2018 жылдың қаңтар айының басында Бірыңғай дистрибьютордың қоймаларына дәрілік заттарды жеткізуді бастайды. Бағаны төмендету жөніндегі келіссөздердің қорытындысы бойынша Бірыңғай дистрибьютор 1,7 млрд. теңгеге жеңілдікке қол жеткізді. Ауруханалар бұл ақшаны қосымша дәрілерге жұмсай алады», - деп хабарлады СК "Фармация" .
Айта кету керек, қазіргі кезде дәрі-дәрмектер отандық өндірушілермен, тікелей келісімшарттар бойынша шетелдік өндірушілерден және жетімдік препараттарын сатып алу бойынша тендер арқылы сатып алынған дәрі-дәрмектермен келісім-шарттар шеңберінде СК-фармация қоймаларына жеткізіле бастады.
Дәрі-дәрмектердің тағы 15 атауы халықаралық ұйымдармен - ЮНИСЕФ пен БҰҰДБ келісім-шарттары бойынша жеткізіледі. Осылайша, бүгінгі күні дәрі-дәрмектің 881 атауы сатылып алынды.
Қазақстандықтарды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуде кідіріс болмауы үшін, Үкімет Бірыңғай дистрибьютордың сатып алу рәсімдерін реттейтін қағидаларына өзгерту енгізу туралы шешім қабылдады, оған дәрілік заттардың үш айлық қажеттілігін бір көзден сатып алу мүмкіндік бере отырып – мұндай рәсімдер қазақстандық науқастар үшін тегін дәрілер қол жетімді болуына қысқа мерзімде сатып алуды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Үкімет қаулысы бүгінгі күні күшіне енді және Бірыңғай дистрибьютор сатып алу рәсімдерінің басталуын дереу жариялады.
-
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Маңғыстауға Қостанай облысынан 32 миллион теңгеге тегін мал азығы әкелінеді -
2021 жылдың басынан бері 12,5 мың этникалық қазақ қандас мәртебесін алды -
Үкіметаралық келісім шеңберінде қазақстандықтар қай елдерде тегін оқи алады -
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және МӘМС жүйесі -
БҒМ: 330 қазақстандық шетелде тегін оқуға мүмкіндік алды -
2022 жылдың мамырына дейін қызыл төлқұжатты ауыстыру науқаны жүреді -
Қаржы саласы: Бюджетті жоспарлау, мемлекеттік сатып алуды жетілдіру және цифрландыру шаралары -
2021 жылдың бірінші тоқсанында 683 мыңнан астам адам АӘК алды -
Нұр-Сұлтан қаласындағы эпидахуал өткен жылдың жаз айларындағы жағдайға ұқсас -
COVID-19 қарсы вакцина: 14 000 адамға салынды, асқыну болған жоқ -
СҚО-да мемлекеттік сатып алулар электронды форматқа ауыстырылып, 1 млрд теңге үнемделді -
Отандық фармацевтиканың дамуы: 2020 жылдың негізгі көрсеткіштері -
Қазақстандықтар 14 желтоқсанға дейін Coursera платформасында тегін оқуға өтінім бере алады -
Алматыда балаларға тегін қосымша білім беруге көңіл бөлінбек