- Басты
- Жаңалықтар
- Жұмыспен қамту орталықтарының 260-тан астам қызметкері оқудан өтті
Жұмыспен қамту орталықтарының 260-тан астам қызметкері оқудан өтті
Тренингке аудандар мен қалалардың жұмыспен қамту орталықтарының, сондай-ақ өңірлердің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасынан 260-тан астам маман қатысты.
Семинар кезінде «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ өкілдері «Еңбек нарығы» және «Бірыңғай электронды еңбек биржасы» жаңа ақпараттық жүйесінде бизнес-процестер мен жұмыс әдістерін ұсынды.
Жұмыспен қамту орталықтарының жаңа үлгісі жұмыс берушілермен жұмыс істеудің белсенді форматын енгізеді, үміткерлермен жұмыс жасауда профилді құралды енгізу және олардың жұмыспен қамтудың жеке жоспарларын әзірлеу арқылы нығаяды.
Жұмыспен қамту орталықтары - жеке агенттіктер, бұқаралық ақпарат құралдары мен жеке интернет-алаңдардан бос жұмыс орындары туралы мәліметтерді біріктіретін Электронды Еңбек биржасының белсенді қатысушысы болады.
Тренинг аясында жұмыс берушілердің назарына Электронды Еңбек биржасында бос жұмыс орындары, жұмыс іздеушілердің жұмысқа орналасуы, сондай-ақ жұмыссыздардың екі қолға бір күрек табудағы мүмкіндіктері туралы ақпараттарды орналастыру ұсынылды.
Еске сала кетейік, 2018 жылы қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында елдегі барлық 199 жұмыспен қамту орталықтарының жұмысы трансформациялаудан өтеді.
Бұл жұмыспен қамту орталықтарындағы жұмыс іздеушілер және жұмыс берушілер арасындағы қатынасты белсенді жүргізіп, әрі қағазбастылық жұмыстан арылтады.
Орталықтардың жұмысындағы барлық процедуралар барынша автоматтандырылады, жұмыс іздеушілер мен жұмыс берушілердің өзара байланыстары «бір терезе» қағидатына негізделетін болады.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
ДСМ: Дәрігерлер жалақысы, дәрі-дәрмекпен қамту және елдімекендердегі медкөмек мәселесі -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
COVID: Қытайда «дельта» штамын жұқтырғандар саны артты, Үндістанда күніне 200-ден астам адам көз жұмуда -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
COVID-19: АҚШ-та бір аптада млн-нан астам адам коронавирус жұқтырды, Болгарияда шектеу шаралары енгізілді