• Басты
  • Жаңалықтар
  • 2013 жылы 1 мыңнан астам павлодарлық қоғамдық тәртіпті сақтауға атсалысқаны үшін марапатталды

2013 жылы 1 мыңнан астам павлодарлық қоғамдық тәртіпті сақтауға атсалысқаны үшін марапатталды

16 Қаңтар, 2014 17:32
2013 жылы павлодар облысы Ішкі істер департаменті облыс қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті сақтауға, қылмысты ізін суытпай жедел ашуға белсенді атсалысқан орталығының 1005 тұрғынын марапаттаған болатын,деп облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

«Жалпы, 2013 жылы қоғамдық тәртіпті сақтауға қатысқан азаматтарды марапаттауға 9 млн. теңге бөлінген», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, аймақта  «Нөлдік төзімділік» шарасының қорытындысы шығарылды. Павлодар облысының әкімшілік полиция қызметкерлері 21 мыңнан астам адамға 136 млн. теңге көлемінде айыппұл салды.

Ұзақ бұзақылық жасаған, оның ішінде қоғамдық орындарды ластағаны үшін 2457 адам, ал ит пен мысықтарды ұстау ережелерін бұзған 3295 адам жауапқа тартылды.Жекелеген қоғамдық орындарда шылым шекпеу туралы ережені бұзған 1380 оқиға тіркеліп, 2,5 млн. теңге айыппұл салынды.

 

Барлық жаңалықтар