- Басты
- Жаңалықтар
- 2017 жылы Астанада 66 көше салынды
2017 жылы Астанада 66 көше салынды
«2017 жылы қашықтығы 44,3 шақырымды құрайтын 66 көшенің құрылысы жүргізілді және 43,3 шақырым болатын 49 көшеге жөндеу жұмысы жүргізілді. Бүгінгі таңда 19 көшенің құрылысы жүргізілуде. Қалада 24 көпір бар және тағы екі автокөлік көпірі салынуда», - деді әкімдікте.
Қала билігімен көлік кешенін жоғары өткізу қабілетімен басқарудың жаңа моделі енгізіліп жатыр.
«2017 жылы 380 автобус сатылып алынды. 24 қалалық бағдар қосымша көлікпен күшейтілді, 43 бағдар жаңғыртылып, 2 түнгі бағдар іске қосылды. Автотрафикті басқару орталығы тәулік бойы жұмыс істеу режиміне ауысты», делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта қалалық тасмалдауда ASTRA PLAT жолақыны төлеудің эдектронды жүйесі жұмыс істейді: 10 мамандандырылған касса мен көлік картасын толтырудың 30 арнайы автоматы бар.
Қоғамдық көлікке арналған Bus Lane арнайы белгіленген жолағын енгізу жұмысы жалғасуда. Осы жылы қосымша 12 аумаққа қашықтығы 75 шақырым болатын 11 жолақ қосылды. Бұдан бөлек ағымдағы жылдың маусым айынан бері ресми такси қызметіне Bus Lane белгіленген жолағымен жүруге рұқсат берілді.
9 мың ақылы тұрақ орны мен бірқатар көшелерде біржақты қозғалыс енгізу жоспары бар. Қосымша 54 қиылыс трафикті басқарудың бірыңғай жүйесіне қосылды.
2018 жылы Тұран, Қабанбай батыр және Мәңгілік ел даңғылдарындағы көлік жүктемесін азайту үшін Ұлы дала көшесінің құрылысы басталды: Бейсекова көшесінен Тұран даңғылына дейін және Тәуелсіздік даңғылынан Қалдаяқов көшесіне дейін.
Сонымен бірге, Тәуелсіздік даңғылында № 46 көшеден № 31 көшеге дейінгік аумақта құрылыс жұмысы басталды, ол тәулігіне 10 мың көлікlке Мәңгілік ел даңғылынан қаланың оңтүстік-шығыс бөлігіне кедергісіз қатынауына мүмкіндік береді.
-
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр -
Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметі мен Жас мамандар пулы жобасы -
Қ.Көшербаев: Қаныш Сәтбаев халқына қызмет етуді бір сәтке болсын тоқтатқан емес -
Абай жылының айшықты тұстары -
2021 жылы жол-көлік оқиғаларының көбеюіне не себеп болды -
Ақмола облысында жылына 350 тонна ешкі сүтін өндіретін ферма өнімдеріне сұраныс артты -
2021 жылы қазақстандықтар үшін қандай тұрғын үй бағдарламалары қолжетімді -
COVID-19 қарсы вакцина: 14 000 адамға салынды, асқыну болған жоқ -
2021 жыл - «Балалардың кітап оқуын қолдау» жылы: атқарылатын жұмыстар -
2021 жылы қандай маңызды спорттық ойындар өтеді -
Үкімет: 2020 жылы әлеуметтік саланы тұрақтандыруға бағытталған шаралар -
Антикор: 2020 жылы сыбайлас жемқорлық қылмыстарының саны 5%-ға азайды