- Басты
- Жаңалықтар
- ІІМ мемлекеттік нөмірлерді тіркеу бойынша онлайн қызметті іске қосады
ІІМ мемлекеттік нөмірлерді тіркеу бойынша онлайн қызметті іске қосады
Е.Тұрғымбаев атап өткендей, бұл жұмыстар Мемлекет басшысының «Цифрлы Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасы және 100 нақты қадам ұлт жоспары аясындағы тапсырмаларына сәйкес жүзеге асырылды.
Тұрғындар арасында автокөліктерді тіркеу және жүргізуші куәлігін беру жөніндегі мемлекеттік қызметтер көп сұранысқа ие.
2017 жылы 15 мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында және полицияның 108 тіркеу-емтихан пунктінде осындай 2,5 млн. қызмет көрсетілген.
Ағымдағы жылғы 27 желтоқсанда Көкшетау қаласында мамандандырылған ХҚКО ашылды, ал келесі жылы Атырау, Орал және Өскеме н қалаларында осындай орталықтар ашу жоспарланып отыр. Осылайша 2018 жылы барлық облыс орталығында және республикалық маңызы бар қалаларда мамандандырылған ХҚКО ашу жұмыстары аяқталады, – деп хабарлады Е.Тургумбаев.
Жаңа жылда кейбір аудандық орталықтардағы тіркеу-емтихан пункттері ХҚКО-на ауыстырылады, ол жерде басқа да кешенді мемлекеттік қызметтер қатарында жүргізуші куәлігін алып, автокөлікті тіркей алады.
Мұның бәрі тұрғындарға қолайлы болу үшін жасалып жатқан шаралар, сондай-ақ тіркеу-емтихан бөлімшелері жұмысының қолжетімділігі мен ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған.
« Осы саладағы мемлекеттік қызметтерді оңайлату және оңтайландыру үшін: автокөлікті тіркеу және жүргізуші куәлігін алу үшін қажетті құжаттардың саны қысқартылған (мекенжай анықтамасы, баж салығы, жинақ және салықтарды төлегенін растайтын түбіртектер, заңды тұлғалардың құрылтайшылық құжаттары және басқалары);көлікті тіркеудің және жүргізуші куәлігін берудің экстерриториалдық қағидасы енгізілді, яғни автомобильді тіркеу және жүргізуші куәлігін кез келген арнайы ХҚКО-да алуға болады», - деді Е. Тұрғымбаев.
«А, А1, В, В1» (мотоциклдер, трициклдер, квадроциклдер және жеңіл автокөліктер) санаттары бойынша жүргізуші куәлігін алған кезде жеке дайындық және онлайн-оқу енгізілді.
Жаңа автомобильдерді тіркеу туралы куәлік дубликатын берген кезде, сондай-ақ иесінің Т.А.Ә. өзгерген және көлікті қайта жабдықтаған жағдайда көлікті қарап тексеру алып тасталынды.
жүргізуші куәлігінің жарамдылық мерзімі аяқталған кезде Жол қозғалысы ережесін білу емтиханы тапсырылмайтын болды;
2018 жылғы 1 қаңтардан бастап жоғары сұраныстағы мемлекеттік нөрмірлердің тізбесі 010, 020, 030, 040, 050, 060, 070, 077, 080, 090, 707 сандық белгілерімен, сондай-ақ бірдей әріптік таңбалармен толықтырылады (бағасы 138 768 теңге немесе ЕАК-тің 5 700 проценті);
010, 020, 030, 040, 050, 060, 070, 077, 080, 090, 707 сандық белгілері бар мемлекеттік нөмірлер бірдей әріп таңбаларымен 274 170 теңге тұрады немесе ЕАК-тің 11 400 проценті); 100, 111, 200, 222, 300, 333, 400, 444, 500, 555, 600, 666, 700, 800, 888, 900, 999 бірдей әріптік таңбаларымен – 466 570 теңге немесе АЕК-тің 19 400 проценті; 001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 777 бірдей әріп таңбаларымен – 685 425 теңге немесе ЕАК-тің 28 500 проценті.
Қорытындылай келе, министрдің орынбасары Ерлан Тургумбаев ІІМ-нің мемлекеттік қызмет көрсетудегі негізгі принциптері оларды автоматтандыруды, жеделділікті, ашықтықты қамтамасыз ету және сыбайлас жемқорлықты төмендету болып табылатынын атап өтті.
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Кәсіпкерлік қызметті реттеу: Бизнеске жүктеме азайтылып, әкімшілік шығындар қысқартылады -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
ІІМ: Терроризм актілері туралы жалған хабарламаларды ашу және тергеу шаралары -
Тоқаев: Қазақстан медиа және креативті индустрия саласында бірлескен жобаларды іске асыруға дайын -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
Қазақстанда халықты емханаға тіркеу науқаны қашан басталады -
ІІМ: Балаларға қарсы қылмыстардың жолын кесу және есірткінің таралуын болдырмау шаралары -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары