- Басты
- Жаңалықтар
- Ақтөбеде «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында екі жаңа мектеп ашылды
Ақтөбеде «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында екі жаңа мектеп ашылды
Ә.Бөкейханов атындағы №67 орта мектебі Ақшат ауылының 300 оқушысына өз есігін айқара ашты. Оқу орны «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында салынған. Осы уақытқа дейін мұнда саз балшықтан жасалған ғимаратта орналасқан бастауыш мектеп қана болған.
«Мемлекет басшысы өскелең ұрпақтың тәрбиесі мен білім алуына ерекше назар аударып келеді. Бұл бағытта біздің өңірде көптеген жоспарлы жұмыстар жүргізілуде. Тәуелсіздік жылдарында облысымызда 125 мектеп тұрғызылды, мектепке дейінгі ұйымдар желісі 457 бірлікке дейін көбейтіліп, жалпы, мектепке дейінгі біліммен балалардың 96%-ы қамтылған»,-деді аймақ басшысы мектептің ашылу салтанатында.
Ол өңірде барлығы 31 мектеп салынып жатқанын, оның 15-і биыл пайдаланылуға берілгенін атап өтті. Сондай-ақ, Ақтөбеде балалардың демалысын ұйымдастыру, олардың қабілеттерін үйлесімді дамыту мақсатында мың орынға арналған Шығармашылық орталық жұмыс жасай бастады, «Жекпе жек сарайында» болашақ чемпиондар мен олимпиада жеңімпаздары жаттығуда.
«Бар-жоғы бір жылда тұрғызылған жаңа мектепте заман талабына сай барлық жағдай жасалған. Мектептің мұғалімдер құрамы болашақта ел дамуына елеулі үлес қосатын жоғарыбілімді жастарды тәрбиелеуге барлық күш-жігерін жұмсауға тиіс», - деп атап өтті облыс әкімі.
Қонақтар зертханалар, мультимедиялық кабинеттер және интерактивті тақталармен жабдықталған кабинеттермен қамтамасыз етілген ғимаратты қарап шықты. Мектепте демалыс және дене-шынықтыру-спорттық аймақ бар. Инклюзивтік білім беруді дамыту шеңберінде тірек-қозғалыс аппараты мүшелерiнiң функциялары бұзылған, мүмкіндіктері шектеулі балаларды жеделсаты, пандус, арнайы жиһазбен қамтамасыз ету шаралары қарастырылған. 300 орынға арналған мектеп құрылысына бюджет есебінен 864 млн. теңге жұмсалды.
Сонымен қатар, облыс әкімі «Болашақ» жаңа шағын ауданындағы №68 орта мектептің ашылуына қатысты. Ол мұғалімдердің қиын еңбектері үшін алғыс білдіріп, қызметтерінде озық инновациялық технологияларды қолдануға шақырды.
Жаңа оқу орны 755 млн. теңгеге салынды. Оқу орнында балалардың оқуы мен дамуы үшін барлық қажетті жағдайлар қарастырылған.
-
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
ДСМ: Соңғы екі аптада елдегі сырқаттану деңгейі 11%-ға төмендеді -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
III Нобель фестивалі: Екінші күнінің қорытындылары -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері