• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстанда азаматтарды әскер қатарына шақыру учаскелеріне тіркеу басталды

Қазақстанда азаматтарды әскер қатарына шақыру учаскелеріне тіркеу басталды

16 Қаңтар, 2014 17:55
Жергілікті әскери басқару органдары республикамыздың азаматтарын әскерге шақыру учаскелеріне тіркеуді бастады. «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес Биыл 1997 жылы туған жасөспірімдер әскер қатарына шақырылу жасына дейінгілердің есебіне алынатын болады,деп Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

«Жасөспірім жігіттер тиісті қорғаныс істері жөніндегі басқармалар мен бөлімдерде олардың әскери қызметке жарамдылық дәрежесін анықтау мақсатында медициналық тексеруден өтеді. Денсаулықтарында елеусіз кемшіліктер анықталған жастарға тиісті емдеу мекемелеріне жолдамалар беріледі. Олар онда әскерге шақырылу жасына дейін денсаулықтарын түзете алады», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, әскерге шақыру пункттеріне тіркеу барысында жастар арасында әскери оқу орындарында білім алуға ниет білдіргендерге түсіндіру, насихаттау жұмыстары жүргізіледі.

Барлығы 2014 жылғы қаңтар мен наурыз аралығында осы жылы
17 жасқа толатын 100 000-нан аса Қазақстан Республикасының азаматы тіркеуге жатады.

Бұл іс-шаралар әскери қызметке шақырылу жасына дейінгі жастарды әскер қатарына дайындауға мүмкіндік береді.

 

 

Барлық жаңалықтар