- Басты
- Жаңалықтар
- Ақтөбе мемлекеттік университеті әлеуетті жұмыс берушілермен ынтымақтастық жүргізеді
Ақтөбе мемлекеттік университеті әлеуетті жұмыс берушілермен ынтымақтастық жүргізеді
Отырыс басталмас бұрын Ақтөбе облысының әкімі, кеңес төрағасы Бердібек Сапарбаев университеттің жаңа мамандандырылған бөлмелерін қарап шықты, олардың ішінде студенттерге қызмет көрсету орталығы, студенттердің «Smart орталығы», «Сенім» әлеуметтендіру орталығы, АӨМУ-дің виртуалды мұражайы, ғылыми-зерттеу орталығы және тағы басалар бар.
Отырыс барысында бірінші проректор Қуанышбек Шүнкеев жоғары оқу орнының стратегиялық даму жоспарының жүзеге асырылуы туралы айтып берді.
Оның айтуынша, университеттің беделін көтеру мақсатында маркетингті жаңғырту және ребрендингтеу жұмысы жандандырылған.
Стратегиялық дамудың тағы бір векторы – көптілді білімі бар бәсекеге қабілетті мамандарды дайындаудың өңірлік бағдарламасын жасау және жүзеге асыру, сонымен қатар, жұмыс берушілердің ұсынымдарын ескере отыра білім беру бағдарламаларын жаңғырту, соның ішінде жаңа мамандықтар ашу.
«Нәтижесінде білім алушылар контингенті артып, магистранттар мен докторанттардың, сондай-ақ, сабақтас мамандықтар бойынша оқитын студенттердің есебінен оның сапалық құрамы жақсарды»,-деп жеткізді Шүнкеев.
Сондай-ақ, кеңестің 2017 жылы атқарған қызметі туралы баяндама тыңдалды. Байқау кеңесінің хатшысы, АӨМУ проректоры Рақым Бекназаровтың айтуынша есептік кезеңде бес отырыс өткізілген. Кеңес мүшелері студенттер мен магистранттарға осы оқу жылы берілетін гарнттар мен жеңілдіктер туралы ережені бекітіп, университеттің 2017-2018 жылдарға арналған даму жоспарына түзетулер енгізді. Бұдан өзге, кеңес мүшелері шетелдік жаттықтырушылар қатысқан жоғары оқу орындарындағы байқау кеңестерінің жұмыс сапасын арттыратын оқудан өтті.
Сондай-ақ, Байқау кеңесінің 2018 жылға арналған жұмыс жоспары мен ішкі аудит қызметінің есебі бекітілді.
«Біздің басты міндетіміз – сапалы мамандар даярлау. Бұл өз кезегінде жоғары оқу орнының рейтингін көтереді. АӨМУ өзін студенттері жұмыс берушілер тарапынан жоғары сұранысқа ие, сенімді оқу орны ретінде көрсетуі керек»,-деді Б. Сапарбаев.
Облыс әкімі жоғары оқу орнының бірқатар мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруға қатысу жағын күшейтуді тапсырды.
«АӨМУ өнеркәсіп, әлеуметтік және ІТ салалар үшін мамандар дайындайды, бұл мемлекеттік саясатты, мемлекет басшысының экономиканы технологиялық жағынан жедел жаңғырту бойынша тапсырмасын жүзеге асыру, үштілділікті енгізу, «Сандық Қазақстан» және «Рухани жаңғыру» бағдарламаларын дамыту сұрақтарында университетке үлкен жауапкершілік артады»,-деді Б.Сапарбаев.
Бұдан басқа, жоғары оқу орны 2018 жылы ғылым мен өндіріс арасындағы өзара байланысты, әлеуетті жұмыс берушілермен әріптестікті тереңдетуге және кеңейтуге, сонымен қатар, студент жастардың бос уақытының тиімді өтуін ұйымдастыруға басымдық бермек.
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
А.Цой: 17 қазаннан бастап вакцина алмағандар жұмысқа жіберілмейді -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
Қазақстан мен Ресейдің XVII өңіраралық ынтымақтастық форумында қандай мәселелер көтерілді -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды