- Басты
- Жаңалықтар
- ШҚО ЕАЭО-ға 192,5 млн доллардың өнімін экспорттады
ШҚО ЕАЭО-ға 192,5 млн доллардың өнімін экспорттады
2017 жылғы қазандағы статистикалық есеп деректеріне сәйкес Ресей Федерациясына 22,9 млн. АҚШ доллары сомасына экспортталды, 93,6 млн. АҚШ долларына импортталды. Экспорттың негізгі үлесі тауарлардың мынадай түрлеріне келеді: қымбат бағалы емес металдар мен одан бұйымдар – 56,9%, өсімдік тектес өнімдер – 18,7%, минералды өнімдер – 12,1%.
«Облысқа Ресей Федерациясынан келетін импорттың негізгі үлесі мынадай тауар топтарынан құралған: минералды өнімдер – 45,6%; машиналар, жабдықтар және механизмдер; электротехникалық жабдық; оның бөліктері; дыбыс жазғыш және дыбыс шығарғыш аппаратура, телевизиялық кескін мен дыбыс жазуға және шығаруға арналған аппаратура, оның бөліктері мен керек-жарақтары – 9,9%; пластмасса және одан бұйымдар – 8,3%; бағалы емес металдар және одан бұйымдар – 9,6%, тастан жасалған бұйымдар – 5,3%», - деп хабарлады статистика департаменті.
2017 жылғы қазанда Беларусь Республикасымен арадағы өзара сауда көлемі біршама төмен - Беларусь Республикасына ағымдағы жылғы қазанда экспорттық операциялар 0,2 мың АҚШ долларын, импорт бойынша тасымал 2,1 млн. АҚШ долларын құрады. Шығыс Қазақстаннан машиналар, жабдықтар, механизмдер мен оның бөліктері экспортталды. Облысқа импорт бойынша түсімдердің негізгі үлесі мынадай тауар атауларынан қалыптасты: пластмасса және одан бұйымдар – 63,4%, машиналар мен жабдықтар – 10,7%.
Ағымдағы жылғы қазанда ШҚО-ның Қырғыстан Республикасымен өзара сауда көлемін құрады – 3,4 млн. АҚШ доллар сомасындағы экспорттық операциялар, импорт – 9,6 млн. АҚШ долларды құрады. Соның ішінде өсімдік тектес өнімдер – 53,1%, минералдық өнімдер – 29,5%, ағаш және одан өнімдер – 9,7%-ды құрады. Импорттың негізгі бөлігін минералдық өнімдер - 99,0%-ды құрады.
-
Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 8 млн-нан асты -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
COVID-19: АҚШ-та бір аптада млн-нан астам адам коронавирус жұқтырды, Болгарияда шектеу шаралары енгізілді -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
30 жыл: ШҚО-да минералды су өндіретін зауыт іске қосылады -
Қазақстанда 7 млн-нан астам азамат вакцина алды -
COVID-19: 4 млн-нан астам қазақстандық вакцина алды -
2025 жылға дейін еңбек нарығына қосымша 1 млн-ға жуық жалдамалы жұмыскер қажет болмақ -
Елордада Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне 1 млн теңге көлемінде қаржылай көмек беріледі -
Сақтандырылған қазақстандықтар саны 1 млн-ға артты -
COVID-19: Үндістанда ауырғандар саны 11 млн-нан асты, Финляндияда электронды сертификат беріледі -
Қаңтар айында көпбалалы аналар 22,5 млн теңгеге жәрдемақы алды -
COVID-19: Ұлыбританияда екпе алғандар саны 15 млн-ға жетті, ал Чехия, Жаңа Зеландия ТЖ режимін ұзартты -
2020 жылы Қазақстанның Даму Банкі қаржыландырған кәсіпорындар 1 трлн теңгенің өнімін экспорттады -
COVID-19: АҚШ-та жұқтырғандар саны 25 млн-ға жетті, Нидерландыда наразылық шаралары күшейді