- Басты
- Жаңалықтар
- СІМ басшысы Түрікменстандағы қазақ диаспорасының өмірі туралы айтып берді
СІМ басшысы Түрікменстандағы қазақ диаспорасының өмірі туралы айтып берді
СІМ басшысы айтып өткендей, шетелде тұрып жатқан отандастарды қолдау сыртқы істер ведомствосының басым бағыттарының бірі.
«ҚР Президентінің тікелей тапсырмасына ерекше көңіл бөлеміз, биыл өткен Дүниежүзілік қазақтардың құрылтайының өтуіне де назар аудардық. Түрікменстандағы қазақ диаспорасының саны белгілі себеппен азайды – олар өз Отанына оралды. Мәліметтер бойынша, бүгінде Түрікменстан аймағында 20 мың этникалық қазақ өмір сүреді», - деді Қ.Әбдірахманов.
Министр салыстырмалы түрде мысал келтірді, 1990 жылы олардың саны 120 мың адамды құрады, этникалық қазақтардың көп бөлігі Түрікменстан азаматы болды.
«Өз кезегінде, Қазақстанның Маңғыстау аймағында 3 мың этникалық түрікмен өмір сүреді.Ел басшылығы мен сыртқы істер ведомствосының тапсырмасы бойынша біздің Ашхабадтағы елшілік қазақ диаспорасымен тығыз байланыс орнатқан. Осы орай, біз биліктің толық қолдауына иеміз, қазақ диаспорасымен бірлескен шаралар өткіземіз», - деді СІМ басшысы.
Оның айтуынша, қазақстандық дипломаттар Түрікменстандағы қазақ диаспорасына елдің мемлекеттік, ішкі және сыртқы саясатын жеткізіп тұрады.
Айта кетейік, сенаторлар «Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы стратегиялық серіктестік туралы келісімді ратификациялау туралы» Заң жобасын қабылдады.
Қ.Әбдірахманов айтқандай, аталған Келісім Түрікменстандағы қазақ диаспорасын таныстыруға ықпал етеді.
Ақбота Күзекбай
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз»