- Басты
- Жаңалықтар
- ОҚО-да жыл басынан бері 6553 пәтер ел игілігіне берілді
ОҚО-да жыл басынан бері 6553 пәтер ел игілігіне берілді
Ал, осы жылы облыста барлығы 976,9 мың шаршы метр болатын 245 көпқабатты үйдiң құрылысы жүргiзiлуде. Оның бүгінде 347,2 мың шаршы метрі, яғни, 91 үй пайдалануға беріліп, 4733 баспана ел игілігіне үлестірілді. Өткен жылғымен салыстырғанда өсім 61,8 пайызға артқан. Бұл жұмыстар облыс әкімі Ж.Түймебаевтың қалада көпқабатты тұрғын үй санын көбейту бойынша берілген тапсырмасының негізінде жүзеге асып отыр.
Жыл басында аймақ басшысы облыс орталығындағы негізгі мәселелердің бірі – баспана екенін айтып, қала орталығында көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысына басымдық беріп, үй кезегінде тұрған азаматтарды баспанамен қамту жайын қарастыруды тапсырған болатын.
Сондай-ақ, қаланы дамытудағы кезекті бір жиынында қаладағы үйлердің 70 пайызын жер үйлер құрағандықтан олардың инфрақұрылымдық қажеттіліктермен қамтамасыз ету аса көп шығынды талап етіп отырғанын және жеке тұрғын үй құрылысы көптеп салынуынан орталықтың сәулеттік келбетіне де айтарлықтай кері әсерін тигізгенін ескерткен. Осы ретте, облыста алдағы уақытта көпқабатты тұрғын үй салу қарқыны еселене түспек. Яғни, 2018 жылы өңірде осы жылдан өтпелі көпқабатты 154 тұрғын үйдің құрылысы мен қосымша жаңадан көпқабатты 100 тұрғын үйдің құрылысы басталмақ.
Жалпы өңірде «Нұрлы жер» бағдарламасының барлық бағыты бойынша 620 мың шаршы метр болатын тұрғын үй пайдалануға беріліп, осының нәтижесінде оңтүстікқазақстандық 6553 отбасы баспаналы болды. Құрылысы біткен үйлердің ішінде 347,2 мың шаршы метрі көпқабатты болса, 272,3 мың шаршы метрі жеке тұрғын үй.
Аталған тұрғын үй құрылысына 36,9 млрд теңге көлемінде инвестиция салынды. Бұл көрсеткіш өткен жылғымен салыстырғанда 8,9 пайызға артық. Оның ішінде 18,8 млрд теңге мемлекеттік инвестицияларды құрайды.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер