- Басты
- Жаңалықтар
- Оралда 2018 жылы 2542 бейнебақылау камерасы орнатылды
Оралда 2018 жылы 2542 бейнебақылау камерасы орнатылды
28 Желтоқсан, 2017 13:32
Орал қаласының əкімдігі жəне «Қазақтелеком» АҚ «Бұлтты бейнебақылау» жобасын жүзеге асыруда, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Жоба 3 кезеңнен тұрады. Бірінші кезең бойынша, Орал қаласының көп пәтерлі тұрғын үйлерінің 10 подъездінде 20 бейнебақылау камерасы орнатылды. Екінші кезең бойынша,1266 бейнебақылау камерасын 633 көп пәтерлі тұрғын үйдің кіреберістеріне орнату жоспарлануда.
Қазіргі таңда аталған 633 үйге 300 камераны орнату бойынша жұмыстар аяқталып, іске қосу шаралары күтілуде. Бүгінгі таңда 6 мекен жайда жалпы саны 12 камера іске қосылып, тесттік режимде жұмыс жасап тұр. Сондай-ақ үшінші кезең бойынша, 2018 жылы 2542 бейнебақылау камерасын орнату жоспарлануда.
Бұл бастама қала тұрғындарының қауіпсіздігі үшін жəне «Смарт сити - ақылды қала» бағдарламасы аясында жасалып отыр. Аталған қызмет үшін 350 теңге абоненттік төлем қарастырылған.
поделится:
ҰСЫНЫЛАДЫ
-
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр -
Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметі мен Жас мамандар пулы жобасы -
ІІМ: Балалар қауіпсіздігі, бейнебақылау жүйесі, жол ережесі және "Police 102" мобильді қосымшасы -
Абай жылының айшықты тұстары -
2021 жылы жол-көлік оқиғаларының көбеюіне не себеп болды -
Ақмола облысында жылына 350 тонна ешкі сүтін өндіретін ферма өнімдеріне сұраныс артты -
2021 жылы қазақстандықтар үшін қандай тұрғын үй бағдарламалары қолжетімді -
2021 жыл - «Балалардың кітап оқуын қолдау» жылы: атқарылатын жұмыстар -
2021 жылы қандай маңызды спорттық ойындар өтеді -
Үкімет: 2020 жылы әлеуметтік саланы тұрақтандыруға бағытталған шаралар -
Антикор: 2020 жылы сыбайлас жемқорлық қылмыстарының саны 5%-ға азайды -
Мамин: 2021 жылы мұнай-газ өнімдерін 12 %-ға арттыру жоспарланды