- Басты
- Жаңалықтар
- Қарағанды облысында 2018 жылы 15 тұрғын үй салынады
Қарағанды облысында 2018 жылы 15 тұрғын үй салынады
Қалған жетпей тұрған сомаға банк жылдық 5% алдын ала тұрғын үй қарызын беруге дайын. Ол жайлы 25-ші желтоқсанда брифинг барысында «Қазақстанның Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі» АҚ Қарағанды облыстық филиалының директоры Гүлнәр Дабылова айтты.
« «Нұрлы жол» бағдарламасының шарттары бойынша жаңа үйлердегі пәтерлердің жартысы кезекте тұрғандарға таратылады. Алайда олар да Тұрғынүйқұрылысжинақбанкінде шот ашып, оған салымдарын жинаулары тиіс. Біздің барлық салымшыларымызға шотты неғұрлым ерте ашса, соғұрлым ертерек әлеуметтік пәтер алуға мүмкіндіктері болатынын есте сақтау қажет. Тағы бір маңызды жайт – салым мерзімі неғұрлым ұзақ болса, несие бойынша мөлшерлеме соғұрлым төменірек болады», - деп атап өтті Гүлнәр Дабылова.
Сонымен қатар «Өз үйім» бағдарламасы бойынша бұл пәтерлерді сонымен қатар 332 адам да ала алады. Олардың 152-і прокуратура қызметкерлері.
«Олар үшін баспана Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі мен Қарағанды облысының прокуратурасы арасында орнатылған меморандумға сәйкес төмендетілген ағамен сатылатын болады», - деп түсіндірді Гүлнәр Дабылова.
Ол сонымен қатар «Қазақстанның Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі» биылғы жылы бизнес-процесстерді оңтайландыру бойынша үлкен жұмыстар атқарғанын мәлемдеді. Жаңа baspana.kz порталы іске қосылған, онда «Нұрлы жер» және «Өз үйім» бағдарламалары бойынша салынып жатқан барлық нысандар туралы ақпарат алуға болады. Сайтта аймақта салынып жатқан барлық нысандар туралы, сондай-ақ бағдарламаға қатысуға өтінім қабылдау туралы мәліметтер келтірілген.
«Қазақстанның Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі» АҚ Қарағанды облыстық филиалының директоры Гүлнәр Дабылованың мәлімдеуінше, ағымдағы жылдың қорытындысы бойынша Қарағанды облысында мемлекеттік сыйақыны банктің 71 000 салымшысы алған. Олардың 21 000-ы келісімшартты биыл ғана жасаған. Мемлекеттік сыйақы 200 айлық көрсеткіштен немесе 453 800 теңгеден аспайтын сомаға есептеледі. Яғни, егер бір жыл аралығында банк клиенті осындай сома жинаса немесе бір мезгілде салса, ол максималды сыйақы – 90 760 теңге ала алады.
-
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
ӘМАТТ: Сауда үстемесін 15%-дан асырғандар қанша айыппұл төлейді -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
МӘМС: Сақтандырылмаған тұрғындар кімдер және олар қалай тіркеледі -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Зейнетақы жүйесіне қандай өзгерістер енгізілмек -
Халық санағы: Үй аралау кезіндегі ерекшеліктер, аралық қорытынды және қауіпсіздік шаралары -
COVID-19: Сингапурде антиковидтік шаралар күшейтілді, ал Ұлыбританияда коронавирустық жағдайлар 15%-ға артқан -
Тұрғын үй нарығында тұрақтылық бар ма -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді