- Басты
- Жаңалықтар
- Ақтауда МЖӘ аясында бірнеше медициналық нысан ашылды
Ақтауда МЖӘ аясында бірнеше медициналық нысан ашылды
Медициналық жаңа нысан - омыртқа мен буын жолдары ауруларының алдын алу және оңалту қызметтерін жүзеге асырады.Орталық тәулігіне 80 науқасқа медициналық қызмет көрсетуге қауқарлы. Дәрігерлік және медбикелік іс бойынша 12 маманды жұмыспен қамтып отыр.Ғимараттың құрылысына 700 мың АҚШ доллары жұмсалған.
Бүтіндей қос шағынаудан жұртшылығына 5 жылдан бері мемлекеттік сақтандырылған тегін медициналық көмек көрсететін жетекші орталық - 4 қабатты жаңа, заманауи ғимаратта қызметін жалғастырмақ.
«Нейрон» медициналық орталығында 285 маман халық игілігіне қызмет етуде. Оның 25-і арнайы шақыртылған дәрігерлер, 2 медицина ғылымдарының кандидаты. Сонымен қатар, жаңа ғимаратты пайдалануға беру арқылы, қосымша 50 жаңа бос жұмыс орнымен толықты.
Сондай-ақ, бүгін кекушинкай каратэден әскери аула клубы ашылды. Жаңа нысанның негізгі бағыты - кекушинкай каратэ спортын дамыту және өсіп келе жатқан өскелең ұрпаққа насихаттау, спортшыларға, қала тұрғындарға спортпен айналысуға жағдай жасау болып табылады. Залда күніне 100 адам жаттыға алады. Күніне 5 адамды жұмыспен қамтыған нысанның құрылысына 10 млн.теңге жұмсалған. Ғимарат 32 шағынауданда орналасқан.
«Ақмаржан қала Ақтауымызда спортты дамыту мақсатында көптеген жұмыстар атқарылды. Оның дәлелі 2017 жылы салынған Маңғыстау Арена, Батыр, Меловойсекілді спорт кешендерінің салынуы. Бұл спорттық кешендерде спортпен айналысуға толық жағдай жасалған. Сонымен қатар Ақтау қаласында спортқа жастарды баулу мақсатында көптеген воркаут алаңдары және де демеушілер арқылы көше тренажерлері салынуда. Міне бүгін кекушинкай каратэден әскери аула клубының ашылуыда біз үшін үлкен мәртебе. Спорттың қай түрі болмасын, оның дамуы біз үшін өте үлкен қуаныш»,-деді аймақ басшысы Ералы Тоғжанов.
-
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
Сотталғандарға қандай медициналық көмек көрсетіледі -
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды -
Салық заңнамасындағы жаңашылдықтар -
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және МӘМС жүйесі -
30 жыл: «Қайырымды істер марафоны» аясында қандай іс-шаралар атқарылып жатыр -
Тоқаев: Өңірлердегі денсаулық сақтау нысандарының жай-күйі көңіл көншітпейді -
Көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару: Қазақстанда 7 449 жаңа басқару нысаны құрылды -
30 жыл: «Қайырымды істер марафоны» жобасы аясында қандай іс шаралар өтеді -
Президент тапсырмасы: «Жас ғалым» жобасы аясында 1000 грант бөлінді