- Басты
- Жаңалықтар
- Н.Назарбаев пен В.Путин цифрлық экономика саласындағы ынтамақтастық мәселелерін талқылады
Н.Назарбаев пен В.Путин цифрлық экономика саласындағы ынтамақтастық мәселелерін талқылады
Нұрсұлтан Назарбаев ТМД елдері басшыларының бейресми саммитіне қатысуға шақырғаны үшін Владимир Путинге алғыс білдіріп, өткен келіссөздердің табысты болғанын айтты.
«Елдеріміз арасында шешімін таппаған мәселе жоқ. Тәуелсіздіктің 26 жылы ішінде біз бір-бірімізге жақын бола түстік, шарттық базаны қалыптастырып, өзара ынтымақтастық үшін қолайлы жағдай жасадық», – деді Қазақстан Президенті.
Мемлекет басшысы Еуразиялық интеграция мәселелеріне ерекше тоқталып, Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастықтың табысты екенін атап өтті.
«Біз барлық мәселелер бойынша, соның ішінде Каспий теңізі, «Байқоңыр» ғарыш айлағы жөнінде келіссөз жүргіздік. Ғарышты игеру саласында экологиялық тұрғыдан таза жанармаймен жұмыс істейтін зымыран тасушылардың жаңа түрін жасау жоспарланып отыр», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Ресей Федерациясының Президенті екіжақты қарым-қатынастар табысты дамып келе жатқанына тоқталып, жоғары сарапшылық деңгейдегі мамандардың цифрлық технологияларды дамытуға арналған кездесуін Қазақстанда өткізу жөніндегі бастамасы үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс айтты.
«Биылғы 10 айдың ішінде елдеріміз арасындағы тауар айналымының өсімі 34 пайызды құрады. Ең маңыздысы әрі перспективаға бағытталғаны – цифрлық технологиялар саласындағы біздің ынтымақтастығымыз бен бірлескен жұмысымыз. Қазақстан экономика, өңірлік және халықаралық қауіпсіздік, сондай-ақ елдеріміздің қорғаныс қабілетін қамтамасыз ету салаларында біздің негізгі серіктесіміз болды және солай болып қала бермек», – деді Ресей Президенті.
Сондай-ақ, кездесу барысында мемлекеттер басшылары энергетика, ғарышты игеру және цифрлық экономика саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады.
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
А.Цой: Коронавируспен ауырған адамдардың 96 %-ы вакцина алмаған -
Ревакцинация: Қандай екпені салдырған дұрыс -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Көлеңкелі экономикамен күрес: Президент тапсырмалары қалай орындалып жатыр -
Цифрлы экономиканы дамытудағы деректерді өңдеудің өзектілігі -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
ДСМ: Дәрігерлер жалақысы, дәрі-дәрмекпен қамту және елдімекендердегі медкөмек мәселесі -
«Astana Media Week»: Отандық БАҚ-тың дамуы, стратегиясы және фейк ақпаратпен күрес шаралары -
ҰЭМ: Қазақстан экономикасы 3 пайызға өсті