• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қызылордада күріш жармасынан ешқандай химиялық қоспасыз чипсы шығарылады

Қызылордада күріш жармасынан ешқандай химиялық қоспасыз чипсы шығарылады

27 Желтоқсан, 2017 18:23
Қармақшы ауданында күріш жармасынан ешқандай химиялық қоспасыз чипсы шығарылуда.

Осы істі қолға алған ақайлық кәсіпкердің бастамасы «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында  қаржыландырылған, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Қазір цехта 5 адам жұмыс істеп, ауысымына 2 мың қорапқа дейін чипсы шығаруда. Қоспасыз таза өнім аудан тұрғындары арасында сұранысқа ие болып отыр.  

«Неге күріштен жасайсыздар деген сұрақ тууы мүмкін. Өйткені Қызылордада күріш өте көп. Әрине, дәстүрлі әдіспен жасау жеңіл әрі табысты болар еді. Алайда бұл күрішті терең өңдеудің басы ғана дер едім. Алдағы уақытта күріштен май, сірке қышқылы, мал ызығы секілді түрлі өнімдер өндіру жоспарда бар», - деді   кәсіпкер Виктор Павлов.

 

Барлық жаңалықтар