Нұрлан Нғыматулин ТүркПА Бас хатшысын қабылдады

27 Желтоқсан, 2017 15:01
Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Түрік тілдес елдері Парламенттік Ассамблеясының Бас хатшысы Алтынбек Мамаюсуповпен кездесті.

 А.Мамаюсуповты   құттықтаған соң Мәжіліс спикері Қазақстан парламентшілері  ТүркПА аясындағы ынтымақтастыққа аса көңіл бөлетінін айтты.

Нұрлан Нығматулин айтып өткендей, осы бағыттағы бірлескен жұмыс – түркі тілдес елдер арасындағы достықты нығайтуға қосылған үлес.

Мәжіліс төрағасы 2017 жылдың желтоқсанында Қазақстаннан Қырғызстанға өткен ТүркПА төрағалығы  түрік тілдес елдер парламентшілері арасында өзара тиімді қатынас  құратынын айтты.

 

 

 

Барлық жаңалықтар