- Басты
- Жаңалықтар
- СІМ басшысы Ұлыбритания Елшісін мемлекеттік наградамен марапаттады
СІМ басшысы Ұлыбритания Елшісін мемлекеттік наградамен марапаттады
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың К. Браунды марапаттау туралы Жарлығына сәйкес, Елші Қазақстан Республикасы мен Ұлыбритания арасындағы жемісті ынтымақтасты дамытуға сіңірген еңбегі үшін Құрмет грамотасына ие болды.
Қ. Әбдірахманов тиімді әрекеттестік пен саяси диалогтың дамуына, сондай-ақ екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастық пен мәдени байланыстарды нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін Қазақстандағы дипломатиялық миссиясын тамамдап жатқан К.Браунға алғысын білдірді. Еліміздің Лондондағы Елшілігімен тығыз ықпалдастықтың нәтижесінде британдық дипмиссияның басшысы Қазақстанды Ұлыбританияның Орталық Азия елдерінің ішіндегі стратегиялық әріптес ретіндегі мәртебесін бекітуге жәрдемдесті.
К. Браунның 5 жылға жуықтаған қызметі барысында (2013 ж. бастап) Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы қарым-қатынастар жаңа сапалы деңгейге көтерілді, жоғары деңгейдегі сапарлар ұйымдастырылды. Белсенді саяси диалог пен іскерлік топтардың байланыстары бұның айғағы болып табылады.
Екіжақты байланыстарды күшейтуге бағытталған үлесін жоғары бағалағаны үшін К. Браун Қазақстан басшылығына шынайы алғысын білдірді. Ол бірқатар бірлескен іс-шараларды сәтті жүзеге асыруына жол ашқан қазақстандық дипломаттарға британдық елшілігімен жемісті әрекеттескені үшін ризашылығын айтты.
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
COVID-19: Сингапурде антиковидтік шаралар күшейтілді, ал Ұлыбританияда коронавирустық жағдайлар 15%-ға артқан -
«Бастау Бизнеске» 5 жыл: Жоба түлектері тәжірибесімен бөлісті -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Жаңа жолдау: Мемлекет басшысы қандай жаңа бастамаларды атады -
Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығына орай АҚШ Мемлекеттік департаменті мәлімдеме жариялады -
Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты -
Үкіметаралық келісім шеңберінде қазақстандықтар қай елдерде тегін оқи алады