- Басты
- Жаңалықтар
- 2017 жылы сапаға сәйкес келмейтін өнімнің мөлшері жалпы есептен 10,2%-ға дейін төмендеді
2017 жылы сапаға сәйкес келмейтін өнімнің мөлшері жалпы есептен 10,2%-ға дейін төмендеді
Жандарбек Бекшин биылғы жылы жүргізілген жұмыстың қорытындысына тоқталып, өнім қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөнінде мәлімет берді.2015 жылы төмендеу пайызы 30,1% болса, биылғы жылы 10,2%-ға дейін түскен.
«Жалпы санынан Техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмеу 10,2 % пайызы құрады. Сәйкес келмейтін тамақ өнімдері – 8,1 % пайызды құрады. Нарыққа мониторинг жүргізу сатысында 14%-дан астам жалған тамақ өнімдері анықталды»,-деді комитет төрағасы
Оның айтуынша, жалған тамақ өнімдерінің басым бөлігі сүт және май өнімдеріне тиесілі болған. Нағыз таза табиғи өнімдер деп көрсетілген өнімдердің құрамынан таңбалауында көрсетілмеген компоненттер анықталған. Мысалы, сүттен алынбаған май, пальма майы бар өнімдер табиғи деп өткізілуде.
«Осылайша, өнім қауіпсіздігіне мониторинг жүргізу барысында 493 сынама немесе 29% жалған сүт өнімдері анықталды, жосықсыз өндірушілер: Ресей Федерациясы - 61%, Беларус Республикасы,Украина, Франция және Қырғыз Республикасы өндірушілері -15% -ды құрады»,-деді Жандарбек Бекшин.
Сондай-ақ, анықталған бұзушылықтарды жою үшін 1300-ден астам өтінім берілген. Оның ішінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы 1024 іс қозғалып, 304 сот шешімі қабылданған. Сауда кәсіпорындарында 20,5 тоннадан астам тауар сатылып, жалпы сомасы 24,6 млн. теңгеге айыппұл салынған.
Есбол Социалхан
-
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
ДСМ: Соңғы екі аптада елдегі сырқаттану деңгейі 11%-ға төмендеді -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
Елімізде кедейлік деңгейі 9 есеге жуық төмендеді -
ДСМ: Күнделікті коронавирус жұқтыру көрсеткіші 2 есеге төмендеді -
Жалпыға бірдей декларация: Бірінші кезең нәтижелері және «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасы -
ДСМ: Соңғы екі аптада еліміздегі сырқаттану деңгейі 36%-ға төмендеді -
Өндірістегі жазатайым оқиғалардан болатын өлім-жітім 12,3%-ға төмендеді -
ДСМ: Коронавируспен сырқаттанушылық деңгейі 1,4 есе төмендеді -
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Пандемия басталғалы өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамту 37% -ға төмендеді -
Қазақстанда жалпыұлттық халық санағы басталды -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
ДСМ: Соңғы екі аптада сырқаттанушылық деңгейі 10% - ға төмендеді