- Басты
- Жаңалықтар
- Н. Нығматулин Мәжілістің 2017 жылғы жұмысының қорытындысын шығарды
Н. Нығматулин Мәжілістің 2017 жылғы жұмысының қорытындысын шығарды
«Біздің жаңа жылдағы жұмысымыз әдеттегідей сайлаушылармен кездесуден басталады. Бұл халқымыз үшіншде, біз үшін де өте маңызды, өте қажетті шаралар. Себебі, Елбасымыз бізге әрқашанда халықпен тікелей жұмыс жасап, елімізді жаңғырту мақсаттарын түсіндіру туралы нақты тапсырмалар беріп келеді. Сондықтан, әрбір ауылға барып, барлық бастамаларды және оларды заң жағынан қолдау жұмыстарын азаматтарға жеткізу, ол - біздің басты міндетіміз. Сол үшін Мәжіліс Бюросының арнайы шешімі қабылданып, депутаттардың аймақтарға сапары жоспарланып отыр» - деді Н. Нығматулин.
Палата Төрағасы атап өткендей Мәжіліс қызметі Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ағымдағы сессияның ашылуында жүктеген міндеттерін заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз етуге бағытталды.
Сессия басында 80 заң жобасы жұмысқа қабылданып, оның 42-сі қаралып, мақұлданған. Оның ішінде 12 заң жобасына депутаттар өздері бастамашы болған. Парламент қабылдаған 27 заңға бүгінде Мемлекет басшысының қол қойылып, өз күшіне енді.
Ағымдағы сессия жұмысында Мәжіліс Төрағасы «2018-2020 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы», Салық кодексі, Кедендік реттеу, сондай-ақ, Қазақстанның кейбір конституциялық заңдарына өзгерістер енгізу, Әкімшілік құқық бұзушылық және Ақпарат және коммуникация туралы заңдардың жобалары мен «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Кодекс жобасы сияқты мақұлданған бірқатар маңызды құжаттарды атап өтті.
Сөз соңында Нұрлан Нығматулин депутаттарды келе жатқан жаңа жыл мерекесімен құттықтап, елімізге тыныштық, әрбір отбасына амандық тіледі.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады