- Басты
- Жаңалықтар
- Балаларды ақпараттық қорғау мақсатында ақпараттық өнімдердің мазмұны бақыланатын болады
Балаларды ақпараттық қорғау мақсатында ақпараттық өнімдердің мазмұны бақыланатын болады
Бұл заң балалардың бұқаралық ақпарат құралдары арқылы таратылатын зиянды ақпараттың қорғалуына, байланыс желілерінің дамуын барынша арттыруға және ақпарат алмасу мүмкіндігін арттыруға бағытталған.
«Заң жобасының ерекшеліктері қандай? Біріншіден, балалардың денсаулығы мен дамуына зиян келтіретін ақпараттардан қорғау саласындағы мемлекеттік саясат қағидаттары айқындалған. Екіншіден,ақпараттық өнімдерге зиян келтіретін айналымды болдырмаудың құқықтық жолдары көрсетіледі. Үшіншіден, балалардың теледидарлық және радиохабарларында ыңғайлы хабар тарату уақыты белгіленді», - деді депутат.
Сондай-ақ, депутаттың айтуы бойынша балаларға ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін компьютерлік және электронды ойындарға сараптама жүргізілетін болады. Ақпараттық өнімдер. Заң жобасында сарапшылар мен сараптамалық ұйымдардың «аккредиттеу» институтын енгізеді, оларға қойылатын талаптарды белгілейді.
Сонымен қатар, заң жобасында ақпараттық өнімдердің жасы бойынша жіктеу және жас санаты сияқты ұғымдар енгізіледі.
«Жоба бойынша ақпараттық өнімдердің келесі жас санаттары белгіленді. Ол балардың әлем тануына байланысты 6 жасқа дейінгі, 6 жастан асқан, 12-14-16 жас аралығы болып жіктеледі. Жалпы алғанда, заң жобасында балалардың өмірлеріне қауіп төндіретін әрекеттер жасауға, сондай-ақ өз-өзіне қол жұмсау, қатыгездікпен зорлық-зомбылыққа негізделген ақпараттық өнімдерге тыйым салу қарастырылған.Бұл туралы жақсылап ойлануымыз керек. Сонымен бірге отбасы институтын жоққа шығаратын және ұлттық салт-дәстүрлерге қарсы ақпараттар балаларға да зиян тигізеді », - деді Бекболат Тілеухан.
Заңға сәйкес, телеарналар ақпараттық өнімдерді жас санатының тиісті белгісімен көрсетуі керек. Олай болмаған жағдайда, депутат атап өткендей, құқықтық шаралар қарастырылған.
«Мемлекеттік басқаруды және құқық қорғау органдарының қызметін жетілдіру мақсатында балаларға арналған ақпараттық өнімдердің анықтамасы мен түсініктемесі алғаш рет берілді. Бұл ақпараттық өнімнің бағыты, тақырыбы, мазмұны мен безендірілуі тікелей балаларға арналған », - деп қорытындылады Б.Тілеухан.
Ақбота Күзекбай
-
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Азаматтарды әлеуметтік қорғау: Заң жобасына енгізілген өзгерістер мен оның мүмкіндіктері -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
ІІМ: Балалардың жолдағы қауіпсіздік шаралары -
Қостанай облысы: Сыбайлас жемқорлық қылмыстары, бизнесті қорғау және АШ-ты субсидиялау -
Мүгедектігі бар адамдардың құқығын қорғау бойынша заңнамаға түзетулер енгізілмек