• Басты
  • Бас прокуратурада заңдағы жаңашылдықтар талқыланды
27 Желтоқсан, 2017 11:52

Бас прокуратурада заңдағы жаңашылдықтар талқыланды

Бас прокуратурада құқық қорғау органдары басшыларының қатысуымен жедел жиын өтті.
Бас прокуратурада заңдағы жаңашылдықтар талқыланды

Аталмыш жиналыс 2018 жылдың каңтар айынан басталатын қылмыстық тергеу мен сот органдарының жаңа құқықтық жағдайлардағы жұмысына арналды, деп хабарлады Бас прокуратураның баспасөз қызметі.

Сондай-ақ "Қазақстан Республикасының құқық қорғау қызметінің процестік негіздерін жаңғырту мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге толықтырулар мен өзгертулер енгізу туралы" Заңының жүзеге асырылуы талқыланды.

Осыған байланысты Бас Прокурор Қ.П. Қожамжаров өңірлік прокурорларға қылмыстық қудалаудың бірыңғай тәжірибесін құру үшін Заңды қолдану тәртібі туралы ереже жолдады.

Негізгі өзгерістер азаматтарды ұстау негіздеріне,бұлтартпау шараларын қолдануға және тергеу әрекеттеріне қатысты тергеу судьясымен берілетін санкцияларға, сондай-ақ Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне қатысты болды.

Олар азаматтардың сотқа дейінгі тергеп-тексеру сатысында құқығын күшейтуге бағытталған.

Заңмен азаматтарды соттың санкциясынсыз ұстау мерзімі 72 сағаттан 48 сағатқа, ал кәмелетке толмағандарды ұстау 24 сағатқа дейін қысқартылды.

Қоғам мен азаматтарға қауіпті әрекет жасалғанда ғана тұлға 72 сағатқа ұсталуы мүмкін.

Оларға қылмыстық топтың құрамында, жаппай тәртіпсіздік барысында, сондай-ақ есірткінің заңсыз айналымына қатысты болғанда, кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы және террористік (экстремистік), қасақана адамның өліміне әкеліп соққан қылмыстар жатады.

Жаңа талаптарға сай азаматтар экономикалық қылмыстар бойынша күдіктелгенде күзетпен ұстау шарасы рейдерлік,жалған ақша жасау, контрабанды,қаржы пирамидасын құру мен ұйымдасқан қылмыстық топ құрамында жасалған қылмыстарды қоспағанда жол берілмейді.

Тек сот қана кепіл,мәжбүрлі куәландыру мен үлгілерді алу түріндегі бұлтартпау шараларын қолдана алады. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру органы 24 сағат ішінде меншік иесін меншікті пайдалудың құқығы шектелгендігі туралы xабардар етуге міндетті.

10 күннен соң шектеулер алынады немесе сотқа мүлікке тыйым салу туралы санкция алу үшін өтінішxат жолданады.
Бұйрық өндірісі институты мен электронды қылмыстық іс жұмыс жасайтын болады.

Бұйрық өндірісі қылмыстық теріс қылық пен ауырлығы онша ауыр емес қылмыстарда қысқартылған мерзімде іске асырылады

Одан бөлек тергеушіге қылмыстық істерді электрондық форматта тергеуді жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Бұл қылмыстық процесті айқын етеді, дәлелдемелерді жоғалту мен бұрмалауды болдырмайды, сонымен қатар процесс қатысушыларының құқығын күшейтеді.

Тергеуші орган жасырын тергеу әрекеттері жүргізіліп жатқан тұлғаға тергеу әрекеттері туралы xабардар етеді.

Егер осындай әрекеттер заңсыз немесе аталған тұлғаға залал келтірсе,ол сотқа талаппен жүгінуге құқылы.
Заңмен қолданыстағы заңнаманың бұзылғандығы, залал, едәуір зиян немесе заңсыз табыс туралы, тексеру актілері мен ревизия, аудит және басқа да құжаттармен көрсетілмеген өтініштер мен xабарламалар бойынша тергеу өндірісі бастау тыйым салынады.

Сонымен қатар азаматтық-құқықтық шарттарды орындамау туралы шағымдарға негізделген өтініштер тіркелуге жатпайды.
Одан басқа 2018 жылдың 1 наурызынан бастап жасырын тергеу әрекеттерін санкциялау сотпен жүргізілетін болады.

Жалпы алғанда аталмыш Заң азаматтардың конституциялық құқықтарын нығайтып,сот бақылауын күшейтеді және тараптардың қылмыстық процесте жарыспалылығын арттырады.

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды