- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанның медициналық пойыздары 2017 жылы 75 мыңға жуық тұрғынға қызмет көрсетті
Қазақстанның медициналық пойыздары 2017 жылы 75 мыңға жуық тұрғынға қызмет көрсетті
Пойыздың дәрігерлік бригадаларына 440 мың рет тұрғындар қаралса, олардың 255 мыңына диагностикалық тексеру жүргізілді. 850 рет шағын амбулаториялық оталар жасалды. Маммологтар 8 мың әйелді қарады. 19 мың тұрғын стоматологиялық қызмет көмегіне жүгінді. Медициналық пойыздардың жобасы шалғайдағы тұрғындарды тегін медициналық көмекпен қамтудан туындаған болатын.
«ҚТЖ» ҰК» АҚ «Әлеуметтік жобалар қоры» Корпоративтік қорының директоры Ербол Кеңгірбаевтың айтуынша, жергілікті тұрғындар тегін медициналық тексеруден өткізіліп, алғашқы көмек алады. Кәсіби кеңестер беріліп, әрі қарай емделу үшін жақын маңдағы медициналық орталықтарға жолдамамен жіберіледі.
«Денсаулық» пойызының бастығы Дүйсен Балымбетовтің айтуынша, медициналық пойыз елдің оңтүстігінен бастап батыс өңірін түгел аралады. Біздің пойыздар заманауи емдеу сауықтыру құрылғыларымен қамтылды. Біздің пойыз бригадамыз дәрігерлердің өздеріне де барынша қолайлы жағдай жасады. Пойыз құрамы Интернет, душ кабинеті, қалалық телефон, теледидармен қамтамасыз етілді»,-дейді Д. Балымбетов.
Биылғы 12 сәуірден бастап медициналық пойыздар барлық облыстардың 252 теміржол станциялары мен жол айырықтарын қамтыды.
Кеңес беру және диагностикалық пойыздар жобасы «ҚТЖ» ҰК» АҚ Әлеуметтік жобалар қоры, «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры, «Қазпошта» АҚ, Денсаулық министрлігі, ҚР Ішкі істер министрлігі және жергілікті атқару органдарының қолдауымен 2010 жылдан бері жүзеге асырылып келеді.
Медициналық бригадалар бірінші және жоғары сыныпты білікті мамандардан жасақталды.
-
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Кәсіпкерлік қызметті реттеу: Бизнеске жүктеме азайтылып, әкімшілік шығындар қысқартылады -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
Елімізде кедейлік деңгейі 9 есеге жуық төмендеді -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
Еңбек нарығында қай сала қызметкерлеріне сұраныс бар -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер